Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қашықтықтан оқыту кезіндегі физика пәнен практикалық, зертханалық жұмыстар өткізу

Автор:   •  Декабрь 13, 2020  •  Доклад  •  966 Слов (4 Страниц)  •  1,126 Просмотры

Страница 1 из 4

ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ФИЗИКА ПӘНІНЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІК, ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ

Шаймарданов Елдос Дулатұлы

Eldos.sh@mail.ru

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. Физика пәнінің мұғалімі.

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн  сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Қашықтықтан білім беру технологиялары көмегімен оқу үдерісі барысында орта мектептердегі білім сапасын жоғары  деңгейде ұстау білім мекемелерінің қазіргі таңдағы басты мәселесі болып тұрғаны шындық. Осы ретте оқу үдерісін жаңа өзгерістерге оңтайлы бағыттау үшін, мәселені шешу үшін ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) көмегіне сүйенеріміз сөзсіз.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту сабақтары 2 түрлі бағытта, яғни онлайн және оффлайн режимде өткізіледі.

Жаратылыстану пәндерін орта мектептерде оқыту үдерісінде практикалық және зертханалық жұмыстар маңызды элемент болып табылады.Сондықтан да, қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнінен практикалық, зертханалық жұмыстар өткізілу жолдарын ұсынып өткім келеді.

Қазіргі кезде ақпараттық жүйелер дамыған, интернет мүмкіндіктері зор кезеңде оқу үдерісі үшін осы АКТ қолдану тиімді нәтиже береріне сенімдімін. Атап айтар болсақ, интернет ресурстарын кеңінен қолдану, виртуалдық жүйе түрлерімен жұмыс жасау оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де көптеген кедергілерді еңсеруге себеп болары анық.

Білім саласында осы мәселенің шешімі көптеген жаңа мүмкіндіктер береді. Елімізде интернет ресурсатырын жүйелі пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту платформалары, виртуалдық зертханалар жүйелерін құруға жол ашылады. Бұл дегеніміз өз кезегінде материалдық жабдықталу базасы жұпыны, жеткіліксіз білім ордаларында білім алатын оқушылар үшін үлкен мүмкіндік. Жасыратыны жоқ, көптеген алыс, шалғай аудандардағы ауыл-аймақтарда орналасқан мектептерде қол жетімді зертханалық, практикалық зерттеулер, жұмыстар жүргізетін сыныптар жоқ десек те болады. Сәйкесінше, бұл аталмыш фактор білім сапасының көрсеткіштеріне кері әсер етпей қоймайтыны шындық.

Физика пәнін оқыту барысында демонстрациялар, зертханалық жұмыстарсыз оқушыларға терең білім беру, оқу материалдарын жоғары деңгейде түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан физиканы оқыту үдерісінде эксперименттер жүргізу, демонстрациялық көрсетілімдердің маңызы өте зор.

Оқу курстарының сапасы мен құрылымы қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтықтан оқыту сапасы жоғары болатынын тәжірибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу үдерісіне белсенді қатыстырып қана қоймай, сонымен қатар осы үдерісті басқаруға рұқсат береді. Дыбыстың, қимылдың, образдың және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады. Оның даму барысында оқу үдерісіне қатыса алатын оқушылар саны да арта береді. Қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданылатын бағдарламалар мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивті мүмкіндіктері көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнатып және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (405.6 Kb)   docx (644.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club