Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді технологиялар

Автор:   •  Апрель 23, 2021  •  Практическая работа  •  609 Слов (3 Страниц)  •  479 Просмотры

Страница 1 из 3

Қашықтықтан оқыту кезіндегі тиімді технологиялар

        Қазіргі білім беру сапасының ілгерілеп дамуына инновациялық технологиялар оң әсерін тигізіп жатыр. Себебі, техника мен технологияның қарыштап дамыған ХХІ ғасырында, барлық салада технологиялар орын алады. Мейлі, ол жаратылыстану ғылымдары болсын, гуманитарлық ғылымдар болсын технологияларсыз алға жылжымайды. Ол заман талабы. [pic 1]

        Технологиялар білім беру процесін жеңілдетеді жәнеде сабақты тиімді қызықты, өткізудегі көмекші құрал. Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру жүйесіне телекоммуникациялық технологиялар қызмет етеді. Сонда, қашықтықтан оқыту дегеніміз - белгілі бір жерде орналасқан білім беру жүйесін алыс аудандардағы оқушыларға таныстыру, үйрету кезінде іске асырылуы. Бұл компьютерге негізделген білім беру десек те болады. Қашықтықтан оқытудың тиімді жақтары мынадай:

  • Уақытты үнемдейді;
  • Екі жақты байланыс орнатады (мұғалім/оқушы, оқушы/оқушы);
  • Кез-келген жерден білім алуға болады (ауылдық жерлерде, шет аймақтарда немесе шет елде);
  • Синхронды оқыту жүзеге асады;
  • Транспорттық жол жүру шығыны азаяды;
  • Компьютерлік сауаттылық артады;
  • Электронды түрде өткендіктен, қағазбастылық азаяды;
  • Қосымша біліктілігін арттыру мүмкіндіктері кеңейеді;
  • Өзара келісім бойынша сабақты екі жаққа да оңтайлы уақытқа қоюға

болады.Қазіргі заман ахуалына байланысты қашықтықтан білім беру ауқымды түрде жүргізіліп келеді. Әрине, бұрын да қашықтықтан оқыту болған жоқ дей алмаймыз. Тек бұрынғы жоғарғы оқу орындары мен колледждерде онлайн түрде жүргізілетін, ал мектептерде офлайн түрде ажыратылатын болса, қазір таңда бәріне бірдей. Қашықтықтан оқыту процесі үш технологиялар арқылы жүзеге асатынын білеміз:

Біріншісі, кеңжолақты интернет желілік технологиялар. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, мультимедиялық технологияларды және де интерактивті технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Оған Cisco, Webex, Meetings, Google Classroom,Вilimland.kz,Bandicam, TechSmith Camtasiaатты платформалар мен сайттар және әлеуметтік желілер (Telegram, What’sApp)мен бағдарламалары жатады. Осының ішіндегі, қазіргі білім берудегі басшылыққа алып отырған «Zоом» платформасы 40-100 аралығындағы адамды байланысқа қосып, бейнесабақтар ұйымдастырады. Тек сабақ беруде ғана емес, конференция, тренинг, жиналыстар мен коммуникативті іскерлік байланыс жасауға болады. Платформаның тағы бір жақсы жағы, мұғалім бүкіл сынып оқушыларын қамти отырып, ақпаратты бәріне бірдей береді. Жаңартылған білім беру жүйесіндегі топтық, жұптық әдістерді жүзеге асыруға мысалы, екі оқушыға ортақ тапсырма беріп, оларды жеке терезеге ауыстыруға болады. «Zоом» платформасы мұғалім мен оқушы арасындағы сабақ кестесін тиімді уақытқа қоюға да мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұғалім әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру үшін әлеуметтік желілерді, электронды пошталарды пайдаланса болады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (113.9 Kb)   docx (24.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club