Краниометрия. Бассүйектің милық және беттік бөліктерінің индекстерін анықтау
Автор: 87784085201 • Октябрь 9, 2018 • Реферат • 1,045 Слов (5 Страниц) • 1,693 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: «Краниометрия. Бассүйектің милық және беттік бөліктерінің индекстерін анықтау».
Орындаған: Тұрсынбек Э.
Тобы:106«Б» ЖМ
Қабылдаған: Джубанишбаева Г.
ШЫМКЕНТ 2018 ж
Жоспар
І. Кіріспе
Краниометрия. Бассүйектің милық және беттік индекстерін анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Краниология
ә) Краниометрия
б) Краниоскопия
в) Краниография
г) Таксонометрия
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Краниология – бассүйектерді зерттейтін ғылым
Краниология – грек тілінен аударғанда kranion - бас, логия – зерттеу деген мағыналарды білдіріп, адам мен жануарлардың бассүйектерінің құрылымын зерттейтін анатомияның бір бөлігі болып табылады. Бассүйектің құрылымына анықтама беру үшін, өлшеу (краниометрия, kranion – бас, метрия – өлшеу) және сипаттау (краниоскопия, kranion – бас, скопия – сипаттау) бірліктері қолданылады. Сонымен қатар, бассүйектерінің құрылымының индивидуалдыерекшеліктерін арнайы приборлар (краниография, kranion – бас, графия – анықтау) арқылы анықтайды. Краниологиялық зерттеулер антропологияда кеңінен қолданылады. Адам морфологиясында жалпы теориялық қиындықтарды және де антропологиялық тапсырмаларды шешу үшін, өзгерістердің заңдылықтарын, бассүйек құрылымының бірліктерінің қарым – қатынастарын, жас өзгешеліктерін, жыныстық ерекшеліктерін зерттейді. Антроплгенезді оқытуда краниология берілгендерін адам мен маймылдың физикалық эволюциясының этаптарынсипаттауда қолданады. Бассүйектерді форматтаудың комплекстік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Беогілі бір территорияны мекен еткен халықтардың қазіргі адамдармен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеу нәтижесінде көптеген, краниологиялық сериядағы шығармалар жарық көрді. Солардың ішінде М.М. Герасимовтың «көнедегі адамдардың бассүйегі мен қазіргі замандағы адамдардың бассүйектері» жайлы жұмыстары кеңінен танымал болды.
Краниометрия немесе бассүйекті қалай дұрыс өлшеу
Краниометрия (kranion – бас, метрия – өлшеу) – бассүйектің параметрлерін өлшеу.
Таксонометрия – бассүйекті қалай дұрыс өлшеу керектігін және параметрлерін қалай атау керектігін анықтайды. Бассүйектерді өлшеу кезінде, көптеген орыс тіліндегі сөздер, жеңілдік үшін, ағылшын терминдерінен келтірілетіндіктен, орыс тіліндегі медициналық терминдерге сәйкес келе бермейтіндігін ескерген жөн. Алдымен, адам бассүйегінің негізгі нүктелеріне тоқтала отырып, мынадай көріністерді келтіруге болады:
Глабелла (Glabella) – қастың алдыңғы доғаларының арасындағы нүкте;
Гониал (Gonial) – төменгі жақсүйектің нүктесі;
Оципут (Oceiput) – шүйде сүйек нүктесі;
Вертекс (Vertex) – бассүйек қорабының ең жоғарғы нүктесі;
Насион (Nasion) – мұрын тамырының жоғарғы нүктесі;
Бассүйектің сүйектері
Ұзындығы (Head Length) – маңдай сүйектің соңғы нүктесі мен шүйде сүйектің соңғы нүктесіне дейін өлшенеді.
Ені (Head Breadth) – бассүйек қорабының ең үлкен енінің нүктелерімен өлшенеді.
Осы келтірілген ұзындық пен еннің параметрлері краниометрия мен таксонометрияның ең негізгі көрсеткіштерінде қолданылады.
Цефальді индекс (cephalic index6 C.I) – бассүйектің бұл өлшемі, бассүйек енінің өлшемін бассүйек ұзындығының өлшеміне бөліп, 100 – ге көбейткенге ((ені/ұзындығы)*100) тең. Осы алынған, бастың цефальды индексеріне сәйкес мынадай котегориялар қарастырылады:
Осы келтірілген кестедегі цифальді индекстің шекараларыңың категориялары әр антропологтардың анықтауында әр түрлі болады.Сонымен қатар кестеде келтірілген ең жоғарғы сандарды ориентирлеу белгілері деп қарастырып, Долихокранды (Dolichocranial), Мезокралды (Mesocranial), Брaхикронды (Brachycranial) сияқты терминдерді бассүйек қорабына тиісті терминдер деп қарастырған жөн.
...