Қазіргі замандағы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі
Автор: Баққожа Әбдіхалықұлы • Декабрь 23, 2022 • Эссе • 513 Слов (3 Страниц) • 830 Просмотры
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Жаратылыстану- география институты
ЭССЕ
Қазіргі замандағы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі.
Орындаған: Амангелді Д.Т
Тескерген: Рахимова Г.
Алматы қаласы, 2022 жыл
Қазіргі замандағы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі.
Бұл тақырыпты ашу үшін, ең алдымен, “құндылық” ұғымына тоқталу керек деп есептеймін. “Құндылық" ұғымы ғылыми дереккөздерде философия, әлеуметтану, психология ғылымдарындағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қымбаттығы. ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс философы Р.Г.Лотце "Практикалық философияның негіздері" атты еңбегінде "құндылық" түсінігін субъектінің "маңыздылығы" ретінде алғаш қарастырғандардың бірі болды. Құндылық – уақыт сынынан өткен және заман өткен сайын түлеп отыратын идеялар мен ұстанымдар. Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар. Барлық тарихи нақты құрылым өзіне тән құндылықтар жиынтығымен ерекшеленеді. Осыған сәйкес олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді. Осы ой бойынша құндылықтар тарихи түрде дамып, заман талабына сай өзгеріп отырады. Енді, осы ой бойынша, қазіргі біздің жиырма бірінші ғасырдағы құндылықтарымыз, бұрынғы заманға қарағанда өзгеше болып келеді. Бұрынғы кездің, дәстүрлі шақтың құндылықтары қандай болды, осыны талдап өтсек. Ең алдымен, әрине, бұл рухани байлық, тілімізге деген құрмет, тарихымыз, салт-дәстүрлер, дәстүрлі ойындар, әндер, аңыздар мен ертегілер және т.б. Яғни, рухани түрде бізді байытып, дамытатын құндылықтар деп есептеймін. Дәстүрлі қоғам, яғни атап өткен құндылықтарды ұстанатын халық, олар– саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта.
...