Қазіргі замандағы қаржы мамандығы
Автор: MKK18 • Апрель 9, 2019 • Доклад • 439 Слов (2 Страниц) • 1,203 Просмотры
Қазіргі замандағы қаржы мамандығы
Бүгінгі ХХI ғасырда жүздеген мамандықтардың түрлері бар, бірақ мен үшін қаржы мамандығы ерекше болып табылады. Сол себепті бұл жұмыс барысында, қаржы мамандығының қазіргі қоғамдағы орны мен оның ерекшелігі жайлы атап өткім келеді. Көптеген басқа мамандықтармен салыстырғанда қаржы мамандығының келесі ерекшеліктері бар:
Біріншіден – ол көп салалы мамандықтардың бірі. Болашақ түлек жоғары оқу орның бітірген сон, кез-келген саладан жұмыс іздеп таба алады;
Екіншіден - қаржы мамандығы бойынша білім алған студенттер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады;
Үшіншіден – егер сіз білікті маман болсаныз, мансап бойынша үнемі өсіп отыра аласыз;
Төртіншіден – оқу барысында жиналған тәжірибе болашақта жеке бизнесті ашу да қажет болуы мүмкін;
Бесіншіден – бұл мамандық адамның интелектуалды қабілеттері арқылы, жоғары еңбек ақыны алуға мүмкіндік береді.
Негізінен қаржы мамандығы ұғымы кең мамандықтардың бірі болып табылады, сол себепті ерекшеліктеріде көп. Бұл мамандық бойынша ойлаған мақсаттарға қол жеткізу жұмыс орынның кеңдігімен де байланысты, әрине жас маман үшін ірі компанияда жұмыс істеген жақсы. Себебі жұмыс орнын тандау, болашақ өмірге әсер етеді. Бірақ егер ең басында жоғары лауазымға ие болмасаныз, онда тұрған ештене жоқ. Себебі қаржы мамандығымен байланысты жұмыстарды, кәсіби деңгейді көтере отырып үнемі жоғарылауға мүмкіндік бар. Тәжірибелі маман уақыт өте қаржылық немесе бас директордың қызметіне ұсынылуы мүмкін. Өзін-өзі көрсету мақсатында әртүрлі перспективалық бағыттар бар: инвестициялық сала, қаржы менеджменті, аудит, мемқызмет, валюталық бақылау, кеден, халыққа қызмет көрсету орталығы және т.с.с.
Жоғарыда атап өткенімдей нарықтық экономиканың дамуымен қоғамда үлкен сұранысқа ие болған мамандықтардың бірі – қаржыгер мамандығы. Қаржыгерлер ақша мәселесіндегі кіріс пен шығысты есептейтін барлық жерде қажетті. Олардың жұмыс істейтін ортасы инвестиция, нарық, жарнама, биржа, банк салаларымен тікелей байланысты.
Қаржыгер мамандығы қазақстандықтар үшін бүгінгі қоғамда үлкен сұранысқа ие. Оның бір себебі еліміздің нарықтық экономикаға бет бұруы, тауарлар мен қызметтерге деген бәсекелестіктің артуы, өнеркәсіптің тиімділігінің жоғарылауы және т.б. Қаржыгердің негізгі қызметі – өнеркәсіптегі қаржы ресурстарын тиімді және мақсатты түрде қолдану мен пайдалану.
...