Фрейдтің теорияларының қазіргі заманда актуальдылығы
Автор: olzhasuly • Ноябрь 21, 2018 • Эссе • 1,028 Слов (5 Страниц) • 670 Просмотры
Фрейдтің теорияларының қазіргі заманда актуальдылығы
Қазіргі заманда психологиялық емдеулер кеңінен жайылды, әр бір қиын деген мәселеде психологтың кеңесін алады. Әр бір мектепте, жоғарғы оқу орнында психологтың кабинеті бар. Бұл жастар арасында ересектермен түсініспеушіліктердің көптігінен. Еуропаға және Америкаға көп еліктеудің әсерінен біздің дәстүрлі қоғамда Совет үкіметінде тәрбие алып салт-дәстүрді қатаң ұстанатын халықтың арасында, ересек буын өкілдері жаңашылдықтарды баяу қабылдаудан бір шама қиындықтар туындауда. Осыған орай психологтарға сұраныс көп. Әлемдік тәжірибеде психологиялық сеанстарды тек қиын балалармен жұмыс ретінде емес, ересектердің арасында депресияны емдеу, ерлі зайыптылардың дау-дамайын шешуде, немесе жай ғана моральдық кеңес алуда және тағы басқа алуан түрлі жағдайларда қолданады.
Соңғы жылдары жастардың арасында психологияны танып білуге деген құлшыныстар артуда. Оның себебі заманауи психологияда өзге адамға әсер ету, оның ойын, қалауын, көзқарасын өзгерту секілді тәсілдер кеңінен тараған. Бұл теориялық тәсілдер практикада қолданылып, келіссөздерде, жеке өмірде, күнделікті қажеттіліктерде пайдасын тигізуде.
Жоғарыда айтылған тәсілдерді қолдану үшін сұхбаттасып отырған адамныңа бақылау жасап оның іс-қимылдарына, сөздеріне мән беріп отырып, оның қалауын анықтау қажет. Бірақ өзге адамның не қалайтынын қайдан білуге болады? Оған жауап анализ жасау арқылы. “Психоанализ” терминін алғаш рет австриялық ғалым Зигмунд Фрейд ұсынған болатын. Оның еңбектерінен тек өзгенің емес, өзіңнің де қалауларыңды анықтауға болады, себебі Фрейдтің тұжырымдамасы бойынша әр бір адамда “бейсаналық” факторы басым. Бейсаналық теориясы - әр-бір адамның іс-әрекетінде, сөзінде, қалауында, талаптарында, сұраныстарында бейсаналық кездеседі. Адам өзінің миының мүмкіндіктерінің тек аз ғана бөлігін қолданатындықтан, қалған бөлігі мұхит секілді әлі де зерттелуде және де беймәлім мүмкіндіктерге ие. Оның тұжырымдауы бойынша адамның тұлға болып қалыптасуы жасөспірімдік шақта емес балалық шақта қалыптасады. Түсіндіре келсек балалық шақтағы фобиялар, тәжірибелер, үлкендердің көзқарасы баланың бойына сіңіп, есейе келе стереотиптердің қалыптасуына әкеледі. Бұл жерде фобияның туындауы ересектердің тиым салуымен үйлестіреді, яғни олардың, “болмайды ” деген шараларының нәтижесінде туады. Бала кезде бәрімізге қандай да бір тиымдар болған, оларды ескермей бұзып қойған жағдайда сөгіс естіп, қалып қойған қорқыныштар мен қалдықтар болды. Одан кейін ол тиымды бұзбай, үнемі оның салдарын есімізде сақтайтынмыз, бұл біріншіден фобия, екіншіден тәжірибе. Сол салдар өмір жолында өзімізбен қалып қояды. Ал үлкендердің көзқарасы ол біздің үлгі тұтқан адамдарға ұқсау барысында өзімізді сол кісілер секілді ұстауымыз, сөйлеуіміз, жүріп тұруымыз. Яғни ата-ана, әпке, аға, ата-әжелерге еліктеу нәтижесінде қалыптасқан ой-тұжырымдамалар. Біз расында өзіміздің қалай ата-анамызға ұқсайтынымызды байқамаймыз, себебі бейсаналық түрде біз әр-бір шешімді “менің орынымда әкем немесе анам істер еді” деген сұрақ қойып, жауабына сәйкес жұмыс істейміз. Бұл біздің өзіміз балалы болғанға жалғасады. Бейсаналықтың ең басты көрінісінің бірі осы. Осы факторлардың әсерінен қалыптасқан тұлға, жасөспірімдік шақта жеке ойлау жүйесінің өзгеруіне байланысты индивидке айналады. Уақыт өте келе балалық шақ ұмытылғанымен бірақ жадыда қалады. Бейсаналыққа тағы адамның жеке мотивтері әсер етеді. Фрейд өзі мынадай мысал келтіреді:
Бір жолы мен өзімнің жұмыс үстелімде тұрған кішігірім күйіктастан жасалған мүсінді байқаусызда қолым тиіп, сындырып алдым. Ертесіне ойланып отырып осыған талдау(анализ) жасадым. Бұған себепкер болған не екен? Ойлана келе осыдан 2 күн бұрын антиквариалды дүкеннің алдынан өтіп бара күіктастан жасалған египеттік өте аз кездесетін мүсінді көрдім, бірақтан менің жұмыс үстелімде оған орын жоқ етін. Ал сынған зат менің әпкемнің сыйлығы болатын, ол менің көңілімнен шықпады, менің ойымша сүйкімсіз болатын, бұрынан бері одан арылғым келген. Сонда, дүкеннен көрген мүсінді қалағаным соншалықты, өзіме жағымсыз затты әдейі сындырып, әлгі затты алуға себеп тудырдым.
...