Қазіргі замандағы эксперименталды психология түсінігі
Автор: Aitolqynms • Февраль 2, 2022 • Реферат • 958 Слов (4 Страниц) • 581 Просмотры
Құдайберген Жұбанов атыңдағы Ақтөбе өңірлік университеті Педагогика факультеті
Пәні:Эксперименталды психология
Тақырыбы:Қазіргі замандағы эксперименталды психология түсінігі
Орындаған:Мухамбетжан А.С.
Тексерген: Исатаева Б.Б.
Жоспар
1.Эксперименталды психология
2.Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
3.Эксперименталды психологияның тарихы
Эксперименталды психология пәні – психологиялық жоғары білім беру жүйесінде маңызды орынға ие. Бұл пән практик-психологтардың түрлі әлеуметтік жүйелерде педагогикалық міндеттер мен түрлі әрекеттерді психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және жеке тұлға психодиагностикасын қолдануда қажетті білім, шеберлік дағдыларды меңгертеді.
Эксперименталды психология – ғылыми зерттеулерді және оның құрылымы жөніндегі білімдерін бекітуді қалыптастыруға бағытталған.
Пәннің міндеттері:
- эксперименталды психологиялық теориялық негіздерін ашу;
- эксперименталды психологиялық зерттеулерді жоспарлауды және оның негізгі кезеңдерін білу; - қорытындылай білуді үйрету және эксперимент нәтижелерін бере білу; психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;
Бұл пәнді оқу барысында қалыптасқан шеберлік пен дағдылар практикалық жұмыстарды жоспарлауда және жүргізуде үлкен роль атқарады. Эксперименталды психология жалпы психологиялық ғылыми зерттеулерге сүйенеді де, жалпы
психология, даму психологиясы, психодиагностика, тәжірибелік психология, психологиядағы математикалық әдістер сияқты ғылым салалармен өзара байланысады. Бұл курсты тыңдаған студенттердің психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымдары, психологиялық эксперимент ерекшелігі, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар: Білімгер таныс болуы керек: - оқыту мен тәрбие жүйесінде тұлғаның дамуы мен қалыптасу заңдылықтарымен, тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратегияларымен таныс болуы керек.
Эксперименталды психология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайы.Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды. Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді. Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды. ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді. Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі. Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды. Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс интроспекция әдісі еді. (Интроспекция (лат. Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.Сонымен, эксперименталды психологияның дербес ғылымға айналуына ассоциация ілімдер өкілдерінің еңбектері себепші болды.Р. Декарт, В. Вундт, Ф.Бэкон, Дж. Локк, Р. Кэттел, Крепелин еңбектеріндегі зерттеу жұмыстарында ашқан жаңалықтары эксперименттік психологияның алғашқы фундаменті болды.Ресейдегі эксперименттік психологияға жаңа жетістіктер әкелген Н. Лангенің Новосибирск университетіндегі лабораториясындағы зерттеулері және Токарскийдің Москва Мемлекеттік Университетінің лабораториясында В.В. Чиктің Харьков Университетінің лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.Эксперименталды психологияда А. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Петербург университетіндегі жүйке және жан аурулары кафедрасында жұмыс атқара отырып, лабораториялық экспериментте адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып, жеке адамның құрылымын жасады. Қазіргі кездегі эксперименталды психологияның дамуы бірнеше жылдар бойы жинақтаған білімдерді тәжірибеде қолдану негізінде адамдардың іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді кеңейтумен сипатталады. Еліміздегі психология ғылымының қолданбалы саласында психологтардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын оқыту жұмыстарының психологиялық заңдарын ашумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері психотерапия және психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысады.Жалпы алғанда, эксперименталды психологияның тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:
...