Жаһандану дәуіріндегі Қазақстан экономикасы
Автор: esjan.aray • Март 4, 2020 • Статья • 1,135 Слов (5 Страниц) • 1,246 Просмотры
ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ
Есжан Арай Нұрғазыұлы, 1 курс магистранты
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Аңдатпа. Мақалада әлемдік рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстанның әлем елдерінің арасындағы орнына салыстырмалы баға берілді. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық өзгерістер саласында елеулі жетістіктерге жеткендігі, алайда экономиканың даму қарқыны әзірге инновациялық технологиялардың басым үлесінсіз жүріп жатқандығына қорытынды жасалды. Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасындағы мәселерді шешуге ұсыныстар берілді.
Аннотация. В статье на основе результатов мировых рейтингов выполнена сравнительная оценка положения Казахстана в среде стран мира. Сделан вывод, что Казахстан в последние годы достиг значительных успехов в области экономических преобразований, однако темпы развития экономики обеспечиваются пока без преобладания инновационных технологий. Даны предложения по решению проблемов экономики Казахстана в условиях глобализации.
Abstract. Based on the results of world ratings, the article provides a comparative assessment of the position of Kazakhstan among the countries of the world. It is concluded that Kazakhstan in recent years has achieved significant success in the field of economic transformation, however, the pace of economic development is ensured so far without the predominance of innovative technologies. Suggestions are given to solve the problems of the economy of Kazakhstan in the context of globalization.
Кілт сөздер: Қазақстан, жаһандану, экономика, инновациялық даму, рейтинг, индекс.
Ключевые слова: Казахстан, глобализация, экономика, инновационное развитие, рейтинг, индекс.
Key words: Kazakhstan, globalization, economy, innovative development, rating, index.
Әлемдік қауымдастықтың геосаяси кеңістігінің ортасында орналасқан Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып келеді. Жаһандану ауқымының артуы, елдер арасындағы халықаралық байланыстардың кеңеюі кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның әлемдегі орны мен салыстырмалы түрде артықшылықтарын айқындауды қажет етеді.
Жаһандану әлемнің кезекті даму кезеңі ретінде үлкен қарқын алып келеді. Оны мәні адами және қаржылық капиталдар, қызметтер мен тауарлар еркін айналымда болатын, елдер мен ұлттық нарықтар арасындағы кедергілер жойылатын бірыңғай жүйенің қалыптасуында. Жаһанданудың қарқынды дамуын соңғы жылдарда әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістерден байқауға болады: елдер мен концерндер өндіріс, басқару мен таратудың желілік жүйесіне бірігуде, халықаралық бәсекелестік пен өндіріс ақпаратты білу мен өңдеудің қызметтеріне айналуда, негізгі экономикалық үдерістер жаһандық сипат алуда [2].
Жаһандану үдерістерінің қарқын алуы нарық субъектілерінің инновациялық және инвестициялық белсенділігіне әсер ететін әлемдік дамудың қазіргі замаңғы бағыттарын тудырады:
1) ақпараттық технологиялармен, банк қызметін қайта реттеумен, тәуекелдерді басқару құралдарының дамуымен байланысты әлемдік қаржы нарығының дамуы;
2) өндіріс пен капиталдың халықаралықтандырылуы, яғни өндірістік жне қаржылық айналымның ұлттық, мемлекеттік деңгейден шығуы;
3) экономикада трансұлттық компаниялардың (ТҰҚ) рөлінің күшеюі, инвестициялық үдерістерде басымдыққа ие болуы және ұлттық нарықтарға тереңдеп енуі;
4) трансұлттық өндірістік тізбектердің құрылуымен байланысты халықаралық еңбек бөлінісінің терең дамуы, бұның нәтижесінде макро- және микродеңгейдегі экономикалық субъектілер енетін өндірістің желілік жүйелері дамиды [2].
Қазақстанның бірінші президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында жаһандану заманындағы экономиканың даму ерекшеліктеріне, «төртінші өнеркәсіптік төңкеріске» айрықша назар аударды: «Қазіргі уақытта әлем Төртінші өнеркәсіптік төңкеріске, терең және қарқынды технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер дәуіріне аяқ басуда. Жаһандық өзгерістер мен тегеуріндерге дайын болу қажеттілігі бізді «Қазақстан-2050» даму Стратегиясын қабылдауға түрткі болды. Біз әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсатын қойдық» [4].
...