Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ лексикасының тіларалық қатынас арқылы дамуы

Автор:   •  Декабрь 16, 2023  •  Реферат  •  1,053 Слов (5 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 5

Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті     кафедрасы филология институты

 

                   [pic 1]

 

           СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ лексикасының тіларалық қатынас арқылы дамуы

 

 

 

 

 

 

                                               

                                                  Қабылдаған: Дюсембина Гүлсамал

                                                  Орындаған: Елубаева Амина

                                                  Топ: 206

 

 

 

 

 

 

   

   Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема. Əлемдегі басқа тілдер сияқты қазақ тілінің сөздік құрамы екі бөліктен тұрады. Біріншісі төл сөздер болса, екіншісі шет тілдерден енген кірме сөздер. Қазақтың төл сөздеріне төмендегідей ұғымдарды білдіретін сөздер жатады: туған- туыстық қатынастарды білдіруші сөздер: ата,   қыз, аға, нағашы, бажа, т.б. сөздер; адам денесінің мүшелері: көз, тізе, иық, омыртқа, тырнақ, т.б. сөздер; аң құстардың аттары: арыстан, қозы, лақ, қарлығаш, т.б. сөздер; жəндіктердің атау- лары: шегіртке, қырықаяқ, жылан, құмырсқа, т.б. сөздер; егіншілік пен бау-бақшаға қатысты сөздер: бидай, өрік, қауын, тары, алма, т.б. сөздер; пайдалы қазбаларға қатысты сөздер: темір, күміс, қорғасын, шойын, т.б. сөздер; тұрмысқа пайдаланатын бұйымдардың атаула- ры: ыдыс аяқ, шөміш, есік, т.б. сөздер; сапа мен хал-ахуалды білдіретін сөздер: көк, сары, қызыл, жақсы, жаман, ерте, т.б. сөздер; сан есімдер: тоғыз, мың, жетпіс бес, т.б. сөздер; есімдіктер: сен, біз, ол т.б. сөздер; етістіктер: сөйлеу, айту, жүру, т.б. сөздер. Бұл келтірілген сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне ортақ сөздер.

Сонымен, қазақ тілінің сөздік құрамын құрайтын кірме сөздерге толығырақ тоқтала кетсек, Орталық Азия мен Византияны мекен- деген түркітілдес ру-тайпалардың көптеген шапқыншылықтарға ұшырағандығы мəлім. Ал- дымен Александр Македонскийдің жорығы бұл тайпалардың тілі мен мəдениетіне едəуір əсерін тигізді.

Арабтар жаулап алған мекендеріне өз тілдері мен мəдениетімен қатар, діндерін күшпен енгізіп отырды. Халифат құрып, тұрғылықты ру- тайпалардың жазу-сызуын жойып, кітаптарын өртеді. Міне, осындай тарихи оқиғалар тілдің сөз құрамының өзгеруіне себепші болды. Б.з. ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияны мекен- деген ру-тайпаларға да монғол шапқыншылығы оңай тимеді. Шапқыншылар тек мəдениетін ғана енгізіп қоймай, ассимиляцияға ұшырап, жергілікті ру-тайпаларға сіңісіп кетті Мұндай шапқыншылықтардың əсері алды- мен тілдің сөздік құрамын өзгертуге үлкен əсерін тигізді. Мысалы, монғол тілінен енген: найзағай, ой, құнан, марал, т.б. сөздер.

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (95.7 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club