Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ білімі және ғылымы

Автор:   •  Ноябрь 14, 2021  •  Реферат  •  902 Слов (4 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ білімі және ғылымы

Жалпы қазаққа халқына  білім мен ғылым өте жақын. Оның себептері көп. Сонау б.з.б 1-мыңжылдықта өмір сүрген сақ, ғұн, сармат т.б тайпалардың қолданған заттары, қару-жарақтары, өмір стилі, киімдері, соғыс тәсілдері(Атилланың Евроапаны бағындыруы) және олардан  қалған обалары мен қорғандары(Алтын адам, Бесоба) ең озық үлгіде болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көптеген мәліметтер келтірілген. Осының барлығы білім мен ғылым жоғарғы деңгейде дамығанын көрсетеді.

Одан кейін 7 ғасыр мен 14 ғасырға дейінгі аралықта Түрік қағанаттары, Қарахан , Қыпшақ,  мемлекеттері, Моңғол империясы, Алтын Орда, Ақ Орда т.б.  және қалалар: Отырар, Сауран, Сайран, Тараз, Түркістан т.б.

Күлтегін жазбалары (Дәл осы уақытта Ресейде, Англияда жазба түгіл, алфавитте болмаған), қала мәдениеті, қала ішінде өте бай Отырар кітапхалары, Самархандтағы Ұлықбектің Обсерваториясы, базарлар, қайталанбас шығыс сәулет өнері,  канализациялар мен моншалар сонымен қатар Әл-Фараби, Ахмет Үйегнеки, Йассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн сынды ойшылдар өмірге келуі және Батыспен шығысты байланыстырған «Ұлы Жібек Жолының »  біз арқылы өтуі - білім мен ғылым орталығы екендігіне дәлел болады.

14 ғасырдағы Қазақ хандығының ғылымын Орыс зерттеушісі Радловтың бір ғана сөзімен айтуға болады. Радлов «Қазақ халқына білім, ғылымды үйрету керек емес. Олардың салт-дәстүрлері тұнып тұрған - ғылым» деп айтып кеткен. Бұл кезеңге медицина саласына бойынша дәрігерб ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлын айта кеткен жөн. Ол медициналық үлкен ғылыми – «Шипагерлік баян» атты еңбек жазған. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет.

«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген. Бұл еңбек күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ . Сонымен қатар шешендік өнер, айтыс, күй, халық ауыз әдебиеті жоғары деңгейде дамыды.

18 ғасырдан 20 ғасыр аралығында атақты ғалым, географ Шоқан Уәлиханов, ақын Шәкірім Құдайбердіұлы, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Алаш интелегенциялары: Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Санжар Асфендияров т.б қоғам қайраткелері педагогика және психология саласы бойынша әр түрлі ғылыми еңбектер, кітаптар жазып қазақ ғылымына орасан зор үлестерін қосты.

1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді. Кеңестер одағы бойынша Қазақ ғылым академиясы білім және ғылым рейтингінде 3-орында болды. Рейтингке қарап, Қазақ ғылымының қаншалықты  табысты болғандығын көруге болады.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (79.4 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club