Мұнай газ кешені және ғылымы
Автор: jay.lion • Март 20, 2020 • Лекция • 1,260 Слов (6 Страниц) • 583 Просмотры
1 дәріс. Кіріспе. Мұнай газ кешені және ғылымы. Қоршаған орта туралы жалпы мəлімет. Қоршаған ортаны құраушы компоненттер. Қоршаған ортаның ластану масштабы. Əлемдік экологиялық проблемалар. Мұнай газ саласы нысандарының қоршаған ортаға əсері. Мұнай өндіру саласының экологиялық проблемалары.
Табиғат – көптеген тепе-тең байланыстардың тұтас жүйесі. Осы байланыстардың бұзылуы табиғатта анықталған зат жəне энергия айналымының өзгерісіне əкеледі.
Қоршаған ортаны қорғау мəселесін шешу табиғат көмпоненттерін жəне оларға əсер етушілерді жіктеумен тікелей байланысты, себебі қоршаған ортаны қорғау бойынша ең тиімді ұйымдастыру, технологиялық жəне конструкциялық шешімдерді əсер ету көздері мен олардың жекелеген компоненттерге əсері арасындағы дұрыс байланысты анықтау жағдайында жүзеге асыруға болады.
Табиғи ғылыми көзқарастан табиғи ортаны биосфераға, гидросфераға, атмосфераға жəне литосфераға жіктеуге болады. Осы нысандар арасында нақты шекара жоқ, олар өзара органикалық байланыста жұмыс жасайды. Биосфера
атмосфера, гидросфера жəне литосфераны құрайды. Гидросфераны құрайтын су атмосфера жəне литосфераның құрамында да кездеседі.
Биосфераның негізгі құраушылары – жануар жəне өсімдіктер əлемі.
Гидросфера деп Жердің су қабатын түсінеміз – мұхит, теңіз, континентті су мен мұз жабындысының жиынтығы.
Атмосфера тірі ағзалардың тыныс алуының физиологиялық үрдістерін қамтамасыз ететін жəне жинақталатын атмосфералық ылғалды, күн радиациясы сипаты мен қарқындылығын реттейтін Жердің газ тəрізді қабатынан тұрады. Атмосфералық ауа газдардың азот, оттегі, аргон, көмірқышқыл газы жəне басқа да газдардың көп емес мөлшерінің қоспасынан тұратын атмосфераның маңызды элементі.
Литосфера – Жердің қатты қабаты, оның жоғарғы шекарасы атмосфера жəне гидросфера, төменгі шекарасы Жердің ядросымен жанасатын – мантия.
Берілген жіктеме адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара əрекеттесуіндегі əлемдік мəселелерді шешуде қажет. Осымен бірге оның негізіндегі табиғи ортаны бөлу принципін құбыр жүйелерін салу жəне пайдалану мəселелерін шешкен кезде қолданған жөн.
Қоршаған ортаны ластаушылардың бірі мұнай газ саласы кəсіпорыны болып табылады. Мұнай жəне газ саласы жоғары қарқынмен дамуда. Мұнай мен газды өндіру мен тұтынудың өсіміне қарай жаңа кен орындарын игеруде, мұнай, газ жəне мұнай өнімдерінің магистральды тораптары да өсуде. Мұнай газ саласы кəсіпорыны қоршаған ортаның барлық құраушыларына кері əсерін көрсетеді.
Табиғат қорғау мəселелері адамның кез келген қызметімен жəне соның ішінде мұнайды өндіру сияқты ресурс сыйымдылықты жұмыстармен қатар жүреді. Сондықтан да соңғы жылдары өндірісті экологизациялаудың қазіргі тенденцияларымен толықтай ақталған мұнай компаниясы қызметінің экологиялық құраушыларына ерекше көңіл бөлінуде.
Мұнайды өндіруде экологиялық мəселелердің өткірленуі бірінші кезекте мұнай кен орнын игеру қарқындылығымен байланысты. Жерді қорғау бойынша талаптарды ескерусіз ұңғымалардың кең көлемін салу нəтижесінде айтарлықтай ауыл шаруашылық жерлердің бұзылуы жүрді. Ілеспе газды өңдеу бойынша қуаттың болмауы атмосфераға ластаушы заттың айтарлықтай көлемінің тастандысымен сай келгенде, оны жоюдың қажеттілігіне əкеліп соқтырды. Кері экологиялық эффект кейбір техникалық жəне технологиялық шешімдерде де бар, мысалы жеңілдетілген цемент қолдану ұңғыма кесіндісінде тек өнімдік интервалды бекіту жəне т.б. нəтижесінде ауданда атмосфераның ластануы жəне жер беті жəне жер асты суларының сапасының масштабтық өзгеруі жүрді. Бұдан басқа тұщы жер беті суларының көп көлемі қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде қолданыла бастады, бұл тек республикамыздың су потенциалын төмендетуге емес, сонымен қатар көптеген су ағындарының жойылуына əкеліп соқтырды. Оттегімен байытылған тұщы жер беті суын айдау өнімдік қабатта күкіртсутек концентрациясының өсімін тудырды. Бұл өндірілетін қоспаның агрессивті қасиетінде көрінді.
...