Қазақстан және Түркістан облысының жер асты сулары оларды қалыптастырушы факторлар
Автор: aiaulym_erik • Январь 28, 2022 • Курсовая работа • 6,523 Слов (27 Страниц) • 522 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Курстық жұмыс
Мамандық: «6В05205-Георгафия»
Тақырыбы: Қазақстан және Түркістан облысының жер асты сулары оларды қалыптастырушы факторлар
Орындаған: Байсерік С.Ш
Ғылыми жетекшісі:Асен Н.Қ
Алматы, 2021
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1.Түркістан облысының жерасты сулары, емдеу туризмін ұйымдастырушы факторы
1.1 Жер асты суларының қалыптасуы және режимі...........................................4
1.2 Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері..........................16
2 .Жер асты суларын жіктеу
2.1 Жер асты суларының қозғалысы..................................................................23
2.2 Жер асты суларын сипаттау..........................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28
Кіріспе
Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алаптық геологиялық құрылысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте, су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттарында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.
Жер қыртысындағы барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат – сутірегіш деп аталады.
Егер сулы қабатты бұрғылау жолымен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз, ал деңгейді-жер асты суларының деңгейі дейді.
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.
Орналасу сипатына, режиміне, қалыптасу жағдайына, қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды.
Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ, топырақ-жер және қыртысындағы сулар жатады.
Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен гидравликалық байланысы болмайды.
Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан, ал деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын айтамыз.
1 .Түркістан облысының жерасты сулары, емдеу туризмін ұйымдастырушы факторы
Облыс аумағында көптеген артезиан ұңғымалары мен құдықтар бар. Бұл экстремалды және экзотикалық туризм түрлеріне қатысушыларды ауыз сумен қамтамасыз етуге, авторалли және түйе-сафари сияқты турларды, ал көктемде - ботаникалық және флористикалық турларды дамытуға мүмкіндік береді.
Тұран плитасының жер асты су-тұз ағысының бағыты мен қарқындылығын іргетас пен жабын жыныстарының литофациалық құрамымен бірге бақылайтын қазіргі заманғы бедердің негізгі морфогенетикалық типтері мыналар болып табылады: эрозиялық және денудациялық төмен таулар мен қоршаған тау құрылыстарының тегістеу беттері; қабаттық денудациялық қыраттар, үстірттер мен жазықтар, кей жерлерде ойылған, сортаңды ағынсыз ойпаттар; Сырдария Аллювиалдық-дельталық жазығы және оның тау бөктеріндегі көлбеу жазығы мен пролювиалдық шлейфтермен (Қаратау тау бөктері); Сырдария мен Шу-Сарысу өзендері аралығында орналасқан көл жазықтары; теңіз, көл және аллювиалды ойылған жазықтар мен Эол жазықтары; Қызылқұм, Арал маңындағы Қарақұм, Арысқұм, үлкен және Кіші Борсық құмды массивтері.
...