Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абылай заманындағы қазақ қауымы және Ақтамберді, Үмбетей шығармашылығы

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Творческая работа  •  4,239 Слов (17 Страниц)  •  350 Просмотры

Страница 1 из 17

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                 [pic 1]                         

                              СӨЖ

Факультеті: «Филология және әлем тілдері»

Кафедрасы: «Қазақ тілі және әлем тілдері»

Тақырыбы: «Абылай заманындағы қазақ қауымы және Ақтамберді, Үмбетей шығармашылығы»

                                                               

                                                                   Орындаған: Қуанышбаева Ақбота

                                                         Тексерген: Бисенбаев Пазылбек

                   

                                          Алматы, 2021 жыл

ЖОСПАР:

І КІРІСПЕ БӨЛІМ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Тәттіқара жырындағы Абылай заманы және қазақ қауымы

2.2. Ақтамбері жырау шығармашылығы

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ БӨЛІМ

     Ел-жұртымен бірге  өмір  сүріп, олардың басына түскен ауыртпашылықтарға  ортақтасып, қайғы-қасіреттерін  мұңды-сазды   әуендерімен зарлана-шерлене толғап  жыраулар  өтті. Көңілді, нұрлы  кезеңдерін  шалқыта,  шабыттана  толғап,  ойнақты, ойлы термелерімен  төгілте, төндіре  айтып, тыңдаушыларын қызыққа  бөлеп, қуанта  білді. Кейде салмақты,  салқын сырымен тамаша  ақыл-нақыл сөздер  термелеп,  үлгі-өнегелер  ұсынды. Қасарысқан ханына, жауласқан жауына қарсы халық алмастай өткір тілді ерлік жырларын сайысқа  салады. Халық  ерлігін, ел  бірлігін, ең қымбат адамгершіл  қасиеттерді  келешек жас  қауымға  табыс  етті.  Осылайша жыраулар  поэзиясы  өзіне  жүктелген заман  салмағын  қайыспай көтеріп, актуальды  өмір мәселелерін суреттеп өтті.  Жыраулар  — сөз өнерінің  ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан  асыл  сөз  шеберлері, халықтың шешендікпен ұштасқан  ойлы-сырлы  толғау,  арнау, термелар мен эпостық  жырлардың  бастау  бұлақтары.

    Жыраулар  поэзиясының  нағыз  мұрагерлері – төкпе  ақындар. Олар жыраулардың көркем  сөз үлгілерін, поэтикалық тіл  түрлерін, образ, сурет құралдарын түгел  дерлік  меңгерген, өз туындыларына негіз етті. Халыққа, жеке  тұлғаларға, өмір  табиғат  құбылыстарына  жалынды  арнаулар  айтқан.

XVIIIғасырда  әдеби  өмір  жандана   түсті.  Ғасырдың  алғашқы  ширегінде   топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын  соғыстар  мен  жеңісті жорықтар, саяси және  қоғамдық  өмірдегі  өзгерістер  бұл  кездегі  қазақ  поэзиясының идеялық  бағыт-бағдарына,  тақырып  аясына  айрықша  ықпал  етті. Ел өміріндегі  елеулі  оқиғалародың барлығы да ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін   табады.

    Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау   шығармаларынан айқын көрінеді.Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды,исі қазақ болып атқа қонуды ,ойраттарға күйрете  соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерлікке үндейді, жауға тайсалмай  шабуға   жігерлендіреді.Ақтамберді өнернамасындағы  отаншылдық, патриоттық  сарындар  XVIII ғасырдағы  қазақ  поэзиясының  бағыт- бағдарын, өзекті ойларын  айқын танытады. Өз  заманының талабына  сай  жыр  толғап  өткен  әрі батыр, әрі   жырау.  Оның   шығармалары   елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа  бастап, адамгершіл ой  түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі  ойларын жыр  кестесіне тізе білген жүйрік  тілді  шешен  ақынды  көрсетеді.

    Қазақ  әдебиетінің   қалыптасу, даму  жолында  жеке  авторлы поэзия ерекше  орын  алды. Әсіресе, шешен  жыраулар  мен  ақпа- төкпе  ақындар  бұған үлес  қосты.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Тәттіқара жырындағы Абылай заманы және қазақ қауымы

     Туған-өлген жылдары дəл белгісіз, ХVІІІ ғасырдың ірі суырыпсалма  ақын-жырауы - Тəтіқара Абылай хан билік құрған кезде өмір сүріп, оның жақын тұтқан жорық-жырауы болған, бірақ өз жыр толғуларынан байқалатындай жəне халық арасындағы аңыз-əңгімелерге қарағанда əміршімен арасындағы қатынас кейін суып, өмірінің соңында жоқшылық тақсіретін көрген жағдайы бар. Ол Жоңғар, Цин басқыншыларына қарсы ұрыс-соғыстарға қатысып, жауынгерлерді ерлікке, күреске рухтандырған толғауларымен халыққа кең танылады.

...

Скачать:   txt (45.1 Kb)   pdf (189.8 Kb)   docx (55.3 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club