Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылым жүйесіндегі дидактика

Автор:   •  Июнь 13, 2021  •  Реферат  •  658 Слов (3 Страниц)  •  484 Просмотры

Страница 1 из 3

Мазмұны

1. Заманауи педагогикалық шынайылықты бейнелейтін жаңа модельді талдау және негіздеу.

2. Қазақстандағы жоғары мектеп дидактикасының негізгі мәселелерін негіздеу.

3. Қазақстандағы көптілдік білім беруді ендірудің негізгі механизмдерін ашып көрсету.

Пайдаланылған әдебитеттер тізімі

1.Заманауи педагогикалық шынайылықты бейнелейтін жаңа модельді талдау және негіздеу.

Заманауи оқытудың моделдері оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.Заманауи педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар керек: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру, оның ғылыми – әдістемелік, оқыту – әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Заманауи педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау. Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу – тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты

2.Қазақстандағы жоғары мектеп дидактикасының негізгі мәселелері

Дидактика дамытатын және зерттейтін проблемалар оның ғылым ретіндегі екі жақты сипатына байланысты. Дидактиканың ғылыми-теориялық функциясы-оқытудың нақты процестерін зерттеу, оқу процесінің әртүрлі аспектілері арасында тұрақты байланыс орнату, олардың мәні мен көріну тенденцияларын ашу. Сонымен, дидактиканың маңызды мәселелерінің бірі-білім мен білім арасындағы тұрақты байланыстарды орнату. Теориялық мәселелерді шешу және алынған жаңа білім оқыту тәжірибесін тиімді бағыттауға мүмкіндік береді, мұғалімге оның педагогикалық қызметінде сенімді нұсқаулар береді. Жалпы, жоғары мектептің қазіргі дидактикасының теориялық және әдіснамалық мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады:

- осы саланың ғылыми теорияның барлық функцияларын толық білуін

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (54.5 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club