Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шешендік өнердің пайда болу тарихы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2018  •  Реферат  •  5,150 Слов (21 Страниц)  •  2,183 Просмотры

Страница 1 из 21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

      ПОРТФОЛИО

                 Орындағандар: Аппаз Гүлдана

                                                                  Ақан Айнұр

                                                                      Әмит Гүлшат

                                                                  Бисембаева Ақниет

                                                                Жарқынбек Динара

                                                Қабылдаған: Көшекова Айнұр

Алматы 2018

Шешендік өнердің пайда болу тарихы

   Жоспары:

  • Шешендік өнердің пайда болу тарихы
  • Қазақ шешендік өнері
  • Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері
  • Майқы би, Аяз би, Асан Қайғы және билер шешендігі
  • Шешендік өнердің қазіргі кездегі маңызы

    Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген, ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғалым, жазушы, жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысып, теориясымен қарулану әсте артық емес.

     Шешендік өнердің тууы, қалыптасуыжалпы тіл өнерінің шығуымен, адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы болатыны сияқты оның өзіне лайық ойлау, сөйлеу мәдениеті, жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп жыл бұрын шығып қалыптасқан.

      Шешендік өнер туралы ғылымды- халық арасында риторика деп атайды.

      Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протагор (б.з.д.444 жылы туған) болып есептеледі. Протагор көптеген қоғамдық ғылымның негізін салушы Сократпен(469-399), Платонмен(427-347) замандас, бірінші софистер арасында сөз жарыстыру, сөзбен айтысуды бастаған, өзі де замандастарымен сөз сайысына түскен белгілі шешен болған кісі. Протагор шешендік өнерге байланысты «Айтыс өнері»(Искусство спорить), «Тартыс туралы»(О борьбе), «Ғылымдар туралы»(О науках), «Өктем сөз»(Повелительное слово) және «Жарыс сөз»(Прения) атты еңбектер жазған. Кейін классикалық дәуір басталған кезеңде Протагордың ізін жалғастырып, шешендік өнерді сол замандағы шщешендер жалғастыра бастады. Классикалық кезеңде Грекияда шешенлік өнерді жалғастырушалар ретінде леонтилік Георгий, халкедондық Фразимах,  элидалық Гиппийді атауға болады.

    Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнер, яғни риторика дегеніміз- сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау деген сөз.Риторика ғылымы психология, философия, логика ғылымдарымен тікелей байланысты ьолып келеді. Осы ғылымдардың қай- қайсысын алсақ та, риториканың бар екенін байқаймыз.

       Шешендік сөздер негізінде үш түрлі болып келеді: кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрылысы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды бөлім. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды айтқан шешен сөздерімен, маңызды ойларымен белгілі. Мысалы, ежелгі Грекияда б.з.д арғы 500-300 жылдар аралығында атақты он шешен өмір сүрген. Олар: Протагор, Сократ, Платон, Георгий, Фразимах, Гиппий, Лисий,Исократ, Демосфен, Цицерон. Солардың арасында Лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің  қызметтері мен шешендік шеберліктері ерекше аталады.

       Демосфен (384-322) шешендік өнердің ең жоғарғы шеберлігіне жеткен адам,ол Афины мемлекетіне жаулап алу қатерін туғызған аталы-балалы македониялық Филипп және Ескендір патшаларға қарсы сөздерімен даңқы шыққан қоғам қайраткері. Шешенннің 19* сөзі сақталған

      Грекиядан кейінгі шешендік өнері ерекше дамыған ел бұл Рим республикасы. Грек өнері иен білімінің мұрагері болған Римде Красс, Антоний бастаған атақты шешен қолбасшылар, қоғам қайраткерлері өткен. Алайда, олардың барлдығы да айтулы шешен Марк Тулий Цицеронның  қатарына күн қасындағы ай секілді көмескі көрінеді. Цицеронның сақталған 27 сөзінің ішінде Л.С.Каталинаға қарсы айтқан 4 сөзі шешендік шеберліктің шыңы болып табылады.

...

Скачать:   txt (59.5 Kb)   pdf (413.7 Kb)   docx (69.6 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club