Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Криминалистиканың пайда болу, қалыптасу және даму тарихы

Автор:   •  Июнь 23, 2021  •  Доклад  •  1,174 Слов (5 Страниц)  •  594 Просмотры

Страница 1 из 5

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

                баяндама

     

Тақырып: «Криминалистиканың пайда болу, қалыптасу және даму тарихы.»

Мамандық: 5В030100 Юриспруденция

Оқытушы (тексерген)  ____________________ Майсатаева.А.Ш

Орындаған (студент) ________________ Ахат.Д.Е     

     

             

                                                                                 2020

 Криминалистика (латын тілінен аударғанда criminalis – қылмысты, қылмысқа қатысты) – қылмысты дайындау, жасау және ашу, оның іздерінің пайда болуы мен бары заңдылығын, дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау және қолдануды зерттейтін, сондай-ақ қылмыстың алдын алу, ашу және тергеп-тексеру үшін алдын алу зерттеу барысында, сондай-ақ соттарда қылмыстық істерді қараған кезде қолданылатын арнайы түрлері, әдістері мен құралдардың осы заңдылықтары қағидаттарында негізделген жүйесін әзірлейтін қолданбалы заңды ғылым. ХІХ ғасырдағы Еуропа мен Америка елдеріндегі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы техника мен байланыстың жаңартылған құралдарын қолдана бастаған кәсіби ұйымшылдық қылымыстық ретіндегі әлеуметтік құбылыстың пайда болуына әкеп соқты. Мемлекеттік карательді органдар қылмыстықпен бұрынғы құралдар мен әдістермен күресуге амалы болмады, бұл, өз кезегінде ХІХ ғасырдың аяғында ғылыми білімнің жаңа саласы – криминалистиканың пайда боуына септігін тигізді.

     Жаңа ғылымның іргетасы көптеген ғалымдар еңбектері арқылы қаланды. Сондай-ақ, Альфонс Бертильон Франция елінде криминалистік тіркеудің антропометриялық әдісті, сигналетикалық фотосурет, оқиға орнындағы метрикалық фотосурет, сөздік портрет әдісі бойынша сыртқы бейнесін сипаттау негіздерін әзірледі. 1882 жылы австриялық сот тергеушісі Ганс Гросстың «Криминалистика жүйесі ретінде сот тергеушілеріне арналған нұсқаулық» атты еңбегі басылып шығарылды, мұнда сол сәттегі қазіргі заманғы қылмысты ашудың ғылыми құралдары мен әдістері қарастырылып, автордың жаңа тапқыштары ұсынылды. Бұл еңбекте алғашқы рет «криминалистика» термины ұсынылды. Ганс Гроссты шын мәнінде кримининалистиканың негізін қалаушы деп санайды, ал оның еңбегі жарық көргенінен бастап ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі криминалистка қалыптасуымен байланыстырылады. Сондай-ақ, Вильям Грешель, Генри Фолдс, Френис Гальтон, Эдвард Генри ағылшындары қазіргі заманғы трасология ретіндегі дактилоскопия негізін қалады. Эдмон Локар Франция елінде өзінің «Қылмыстық тергеп-тексерудегі ғылыми әдістері», «Криминалистка бойынша нұсқаулық», т.б. атты еңбектерінде баяндап берген затты дәлелдемелерді зерттеудің бірқатар әдістемесін (негізінде, қол жазбаны зерттеудің графометриялық әдісі) әзірледі. Рудольф Арчибальд Рейсе Швейцария елінде «Қылмысты тергеп-тексерудің ғылыми техникасы» атты кітап басып шығарды және әлемдегі бірі болып табылатын сарапашы-криминалистік зертхананы құрып, полиция қызметкерлерін заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми әдістеріне оқыту бойынша курстардың негізін қалады.

     Криминалистканы дамытуға үлкен үлес ресейлік криминалистері де қосты. Сондай-ақ, Е.Ф.Буринский, «Құжаттардың соттық сараптамасы, оның өндірісі мен оны қолдану» (1903 ж.) атты кітап авторы, Петербург қаласында алғашқы сот-фотосурет зертханасын ұйымдастырды; С.Н.Трегубов өзінің «Қылмыстық техника негіздері» атты практикалық нұсқаулықта (1915 ж.) қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану мәселелерін қарастырды; Б.Л.Бразоль өзінің «Тергеу бөлімі бойынша мақалалар. Тарих. Тәжірибе.» (1916 ж.) атты еңбегін тергеу қарау тактикасын қарастыруға арнаған. ХIХ ғ. аяғында – ХХ ғ. басында Ресейде отандық соттық-сарапашылық мекемелердің жүйесі пайда болды: Перербург сот палатасының прокуроры жанындағы соттық-фотосурет зертханасы (1892 ж.), Ғылыми-соттық сараптаманың Петербург кабинеті (1912 ж.), осыған тәрізді кабинеттер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашыла бастады (1913-1914 жж.). 1929 жылы Белоруссия елінде (Минск) Криминалистика мен соттық сараптаманың ғылыми-зерттеу институты құрылды. РСФКР-да 30-жылдардың ортасына дейін криминалистикалық қызмет милиция органдарында ғана жұмыс жасады. Алайда, 30-жылдардың екінші жартысында криминалистикалық зерханалар КСРО прокуратура жанындағы қылмыстық саясат институтында, КСРО-ның Жоғарғы сотында және РСФКР Әділет халық комиссариатында, сондай-ақ, Мәскеу, Ленинград, Свердлов, Саратов, Казань және басқа да заң жоғарғы оқу орындары жанында, ал 1940 жылы – Ташкент заң институтында құрылды. Бұл зертханалар криминалистиканы дамытуда өзіндік ролін көрсетті, институттар зертханасының қызметкерлері пркуратура, сот органдары үшін криминалистикалық сараптама өндірісімен айналысты, сондай-ақ сарапшылық тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, қомақты ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізді. Жинақталған кең көлемдегі материал криминалистиканың, ең бастысы криминалистикалық техниканың маңызды өзекті мәселелерін салмақты ғылыми зерттеу үшін мүмкіндік берді.

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (89.1 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club