Шетелдегі педагог кадрларды дайындау ерекшеліктері
Автор: alija1703 • Февраль 14, 2019 • Доклад • 1,495 Слов (6 Страниц) • 1,738 Просмотры
Садуақасова Әлия Маратқызы
Астана қаласы
Шетелдегі педагог кадрларды дайындау ерекшеліктері
Қазіргі кезде шетел елдердегі кәсіби педагогикалық білімнің мақсаты жан- жақты мамандарды даярлау болып табылады. 21 ғасыр Еуропа елдерінде кәсіби педагогикалық білім мазмұнына үлкен өзгерістер әкелді. Үлкен өзгерістерге арнайы пәндік пен кәсіби білім, (психолого-педагогикалық және әдістемелік) дайындайтын мамандар құрамы ұшырады. Әр тәртіптегі ғылыми негізін құрайтын циклдің теориялық және машықтану теңдестігі пайда бола бастады. Болашақ педагогика мамандарының студенттеріне көп назар аударылады. Көптеген шетел елдерде ол енді бірінше курстан іске асырылады. Идеяның негізгі мақсаты, университеттерде жоғары кәсіби деңгейлі мамандарды дайындау. Яғни, оқуды бітірісімен жұмыс міндеттерін орындай алатын студенттерді тәрбиелеу.
Бастауыш және орта буын мектепке кадрларды дайындауда университет, педагогикалық институт, педагогикалық колледждер үлкен рөл атқарады. Болашақ педмамандыққа байланысты оқудың ұзақтығы 2-5 жыл.
Педагогтарды дайындау көбінесе күндізгі бөлімде жүргізіледі, кешкі мен сырттай оқу сирек кездеседі. Сырттай оқу күндізгі оқудан 1 жылға артық.
Педагогикалық оқу мекемелерінің жүйесі алуантүрлілігімен ерекшелінеді. Олардың көбісі жеке.
Әр елде талапкерге қоятын талаптар мен шарттар әр түрлі болып келеді. Орта мектепке мұғалімдерді даярлау толық орта білім базасымен іске асырылады (АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Болгария, Чехия мен Словакия 12 жыл, ГФР 13жыл). ЖОО қабылдау кезінде емтихандардан гөрі, орта мектептегі білім нәтижелері маңыздырақ болады. Байқау емтихандары Шығыс Еуропада, со нымен бірге Жапонияның Жоғары Оқу Орындарында, сирек Францияда өткізіледі.
Ресейде болашақ мамандардың негізгі контингенті аспирантура арқылы қалыптасады. Өкінішке орай, жоғары мектептің педагогтарын дайындау ақылы мүмкіндігіне байланысты болады. Аспирантураны аяқтаған 26,1% студенттердің арасынан 38,0% ғана докторантураға диссертациялық зерттеу лерді тапсырады. Оның ішінде 42,9% студенттер аспирантураны аяқтамай кетеді. Аспирантураға түскен студенттердің ғылыми еңбекке деген қызығушылықтары өте төмен. Ал, Ұлыбританияда доктор атағын ізденушілері үш жыл ішінде біздің аспиранттарымыз сияқты тек қана ғылыми жұмыстармен шұғылданады екен. Тіпті докторлық диссертацияны өндірістен қол үзбей бес жыл мерзімінде де дайындауға болады. Диссертациялық жұмыстарға қойылатын ең басты талап - мақалалардың әлемнің ғылыми қоғамы таныған журналдарда жариялануы болып табылады.
АҚШ-да үлкен рөл тестілеуге беріледі. Ұлыбритания, Францияда емтихандар тапсырылмайды, мектепте берілген мінездеме маңызды рөл атқарады. Шетел елдерде мұғалімдерді дайындауда төменде берілген негізгі тәртіп топтарын қарастырылады:
- Жалпыбілімді
Арнайы
Психолого-педагогикалық
Басқа (дене тәрбиесі, шетел тілі)
- Машықтануға дайындық
Машықтану оқу-тәрбие жүйесінің негізгі бөлімі болып табылады. Шығыс Еуропада: таныстыру, тәрбие мен оқу жұмысының тәжірибесі.
Таныстыру (кіріспе) кезеңі студентті педагогтың жұмысымен таныстырады, таңдауының дұрыстығына көмектеседі. Оқытудың бірінші жылында жүргізіледі. Соңғы жылдары Еуропаның жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындауда кәсіби жүйесін ұйымдастыруда көптеген өзгерістер болды. Модульдік технологияны енгізу, оқу ақпаратын одақ түрінде қабылдауға, ұстаз міндеттерін ұйымдастырушысы, оқу жүйесінің жетекшісі және көмекшісі болуға жол ашты. Оқу жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы, студенттердің сапалы мен мерзімді уақытта жеке оқу жоспарын орындауға жауапкершілік сезімін артады.
...