Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тілдік катынасты іс жүзіне асырушылар

Автор:   •  Ноябрь 18, 2023  •  Реферат  •  2,686 Слов (11 Страниц)  •  96 Просмотры

Страница 1 из 11

Тілдік қатынас: құрамы, бірліктер

Тілдік қатынастың негізгі кұрамы төмендегідей болып жіктеледі:

  1. Тілдік катынасты іс жүзіне асырушылар.
  2. Тілдік байланысқа катысушылардың қызметі.
  3. Сөйлеу мүшелерінің бірлігі.
  4. Қатысымдық тұлғалардың жиынтығы.

Тілдік катынасты іс жүзіне асырушылардың қатарына Баяншы /Б/, Тұлғалар /Т/ және Қабылдаушылар /Қ/ жатады.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі - катысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік.

Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік карым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет аткарады.

Байланыстырушылық кызмет тілдік катынасты жүзеге асырушылардың бір-бірімен тығыз байланысынан көрінеді. Мұнда негізгі қызмет атқаратын - хабарды жеткізетін тұлғалар. Ол баяншы мен кабылдаушыны өзара байланыстырады жәнс тілдік қатынастың түсінікті болуын қамтамасыз етеді.

Экспрессивтік кызмет тілдік қарым-қатынасқа түсушілердің берілген хабарды түсініп қана қоймай, оның айырықша мәнін, күшейту реңкін толық білуінің нәтижесінде орындалады. Баяншы хабарды жай айтып кана қоймайды, ондағы қандай ойға ерекше көңіл бөлу керектігін де, өзінің көңіл-күй, сезімдерін, көзқарастарын да жеткізуге тырысады. Ал қабылдаушы осыны дәл танып, жете түсінуі кажет болады.

Сөйлеу мүшелерінің бірлігі олардың әрқайсысының өзіне тән қимыл-қозғалысынан және сол қимыл-әрекеттің тілдік тұлғаларды айтуға қатысты бүтіндігінен байқалады. Әр дыбыстау мүшесі әр бөлек қимылдаса, оңда дыбыс та анық айтылмайды, сөз де түсінікті болмайды, айтылар ой да жеткізілмейді. Сондыктан тілдік қатынас үшін, сөйлеу мүшелерінің бірлескен, дұрыс кимыл-козғалысы аса маңызды орын алады.

Сөйлеу мүшелерінің қимыл-әрекетімен тілдік қатынасқа қажет тұлғалардың мән-мағынасы пайда болады. Жалпы тілдік қатынастың негізгі құрамын көрсететін ең басты көрсеткіш, ол - қарым-қатынасты тікелей жүзеге асыратын қатысымдық тұлғалар.

Тіл білімінің қай саласында болсын тілдік тұлғалар туралы мәселе мен осыған қатысты терминдер бұрыннан сөз болып келеді. Бірақ бұл мәселелер әлі толық өз шешімін тапқан жоқ.

Терминдердің колданылу ерекшелігіне мән берсек, олар кейде тілдік единица деп, кейде тілдік элемент деп айтылады.

Тілдік тұлғалар уақыт өте келе жаңаша қарастырылып, олар тек тілдік единицалар ғана емес, қатынастық единицалар деп те атала бастады.

Байыптап қарасақ, мұнда негізгі мәселе олардың тілдік тұлға /лексикалық, грамматикалық, синтаксистік/ немесе қатысымдық тұлғалардың аталуы жөнінде емес, тілдік тұлғаға не қатысты, оның катысымдық тұлғалардан айырмашылығы бар ма, әлде тілдік тұлға мен қатысым тұлғалары бірдей ме деген сұрақтардың басын ашып алуға келіп тіреледі.

Тілдік және қатысым тұлғалары туралы мәселені қарастырғанда, біз "единица" терминінің баламасы етіп көбінесе "тұлға" сөзін пайдаланамыз.

Лингвистикада тілдік тұлға қатысым тұлғасы деп айтылғанда, тілдік немесе қатысымдық құбылыстың ішкі құрамы /кұрылысы/ деген мағынаны қамтуы қажет. Тілдік немесе қатысымды тұлға кіші бөлшек /дыбыс/ те, күрделі бөлшек /сөйлем/ те, мағыналы бөлшек те /сөз/ бола беруі мүмкін.

Лингвистикада тілдік "единица" деген көп айтылып жүрген термин. Қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас құралының, яғни тілдің құрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы тұрғыдан морфема, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік тұлға немесе қазақ тіл білімінде болсын, орыс тіл білімінде болсын ол жалпылама алғанда қарым-қатынас кұралының, яғни тілдің құрамы, ішкі бөліктері дегенді білдіре келіп, осы тұрғыдан морфема, сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем - бәрі тілдік тұлға немесе жалпы тұлға деп айтылып жүр. Кейде дыбыс пен фонеманы фонетикалық тұлға, сөзді - лексикалық тұлға, сөйлемді - синтаксистік тұлға деп нақтылы түрде атап айту да жиі кездеседі.

...

Скачать:   txt (38.1 Kb)   pdf (103.3 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club