Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Реферат  •  2,187 Слов (9 Страниц)  •  713 Просмотры

Страница 1 из 9

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Әдебиеттану мамандығының студенті

Зағыпар Оралхан

СӨЖ

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Қазақтың дүбірі басылмаған дархан даласында қоңырау қаққан Ыбырай Алтынсарин – ұстаздықтың темірқазығы. Бар өмірін ұлтының ертеңі үшін арнаған ағартушының жасағаны мен жазғаны – ұлылықтың дәлелі. «Кел, балалар, оқылықпен» оқулықтың бетін ашқан әр оқушының жүрек түкпірінде осы өлең жолдары жатқаны анық. Өлең жолдары ғана емес, өлеңдерінің берер тәрбиесі мен тәлімі әр оқушының санасында сақталды. «Балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай кіріскен» ұстаздың ұлағатын, ағартушылық ойын кез келген еңбегінен табасың. Ақындығына да білім мен тәрбиені ту еткен.

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы тұтас бір тәрбиеші құрал. Жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының, адалдық пен арамдықтың ара жігін ашып көрсете білген қаламгердің туындылары баланың түсінуіне жеңіл, көңіліне қонымды.

«Кел, балалар, оқылық!» - «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер – білімі бар жұртқа» - терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының жаңа мәнге  ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:

         Кел, балалар, оқылық,

                                             Оқығанды көңілге

                                             Ықыласпен тоқылық! –  деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек. Балаларды оқуға шақырған өлеңінде білімдінің күні жарық екені жан-жақты ашылған. Ақын өлеңде білімді күрделі ұғымға я қол жетпес байлыққа баламайды, керісінше білімді құрал ретінде көрсетіп, баланың оқуға деген ынтасын оятуға тырысқан. Бұл жерде авторды тек ақын деп тану жеткіліксіз, себебі автордың педагог, психолог, мотиватор екені көрініп-ақ тұр. Бала түсінігіне сай, білім алуға тәрбиелейтін бұл өлеңін бүгін де мектеп табалдырығын аттаған оқушылар жатқа айтып, білім жолына талпыныс жасап жатыр.

         Мал дәулеттің байлығы,

                                           Бір жұтасаң жоқ болар.

                                           Оқымыстың байлығы

                                           Күннен – күнге көп болар, – деген өлең шумақтарында  байлық пен дүниеңнен сен бір сәтте-ақ айырылып қалуың мүмкін екендігін, ал білімің арқылы сарқылмайтын байлыққа ие болатының жеткізген. Әрине сол заманда білімнің байлыққа айналарына сенгендер аз болған шығар, десе де балаға қажеті мал-мүлік емес, оқу-білім екенін көрсеткен.

          Ата - енең қартайса,

                                               Тіреу болар бұл оқу

                                               Қартайғанда, мал тайса,

                                               Сүйеу болар бұл оқу - деген жолдарда, шыр етіп, дүниеге келген сәттен бастап, асырап, баққан, бар жақсылығын саған берген, мәпелеп өсірген ата  - анаңның саған жасаған жақсылықтарына, өзің ер жеткенде жауап беру, қамқор болып, дүниеден өз орныңды тауып, саналы ұрпақ болсаң ғана ата - анаңның үмітін ақтайсың.

Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары әдебиетінен аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына  сай, олардың қиял – ойын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне  қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (77.4 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club