Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні

Автор:   •  Апрель 11, 2024  •  Доклад  •  564 Слов (3 Страниц)  •  165 Просмотры

Страница 1 из 3

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Калмурзина Алия Едигеевна

Бәйтерек аудандық білім бөлімінің Макаров жалпы орта білім беретін мектебі, Макаров ауылы

Aliya_300186@mail.ru

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті тарихында мысал жанрының жұлдызын жарқыратқан ұлы тұлға.

Мысал дегеніміз не? Мысал – шағын көлемді, адамға тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарма. Мысалда аң, хайуанаттар, жәндіктер бейнесінде адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік сықақпен сыналады. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде мысалдың өзін  анайы әдебиеттегі мысал және сыпайы әдебиеттегі мысал деп екіге бөледі. Хайуандар  мінезімен адам мінезін көрсету мақсаты екеуінде де бар. Айырмашылығы айтылуында. Анайы әдебиеттегі мысалда хайуанның мінезі құр мысал болады да, сонымен айтушы қанағаттанады да қояды. Мәселен, «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты», «Тышқан «шаңырақтағы еттің сасығын-ай» депті» деген сияқты мысалдар анайы әдебиеттегі мысал түріне жатады. Сыпайы әдебиеттің мысалы туралы «мінезінің ұқсауымен қатар айтылуының әдемілігін де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, әңгімесінің де сондай келісті болуын көздейді» дей келе Ахмет атамыз мұндай түр шығарушылар қатарында Буттен, Крылов, Эзоп сияқты  әлемдік мысал шеберлерін атап көрсетеді. Ахмет ақын өзі де осы мысалшылардың ізімен «мінезінің ұқсатуы да, әңгімесінің айтылуы да келісті», тыңдаушыға қызғылықты мысалдар жазады. Шығармашылығы мысал жазуымен басталған Ахаңның алғашқы кітабы «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы жарық көреді.

Келісті кекесін мен ащы мысқылға құрылған Ахаңның мысалдарын оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Оның кейіпкерлерінің мінездері елдің өмірімен бірге біте қайнасып кеткендей. Алауыз болған ағайынды «аққу, шортан һәм шаян» деп айту немесе «көрпесіне қарамай көсілетін» адамды «Өгіз бен бақа» мысалындағы бақаға теңеу әлдеқашан әдетке айналып кеткен.  «Бай байға құяды, сай сайға құяды» деген қасаң қағиданы сындарлы сықақпен сынай білген «Қара бұлт» мысалы – қазіргі заманда да маңызын жоймаған өшпес мұра. Атақ-абыройға «көкесінің» арқасында жеткен адамдардың мақтанғанын көргенде екі шыбынның арасындағы әңгіме еріксіз еске түсетінін қайтерсің?

Қазақ мысал жанрының атасы өмір шындығын сықақты сатира мен ащы сарказм арқылы астарлай отырып, салмақты түйінмен оқырманын салиқалы ойға жетелейді.

Мәселен, «Өгіз бен бақа» мысалында ауыл адамына етене таныс өгіз бен бақаны кейіпкер етіп, көз алдыңа керемет картинаны көлбеңдете келе, адам бойындағы еліктеушілік пен даңғойлықты келемеж қылады. Бұл мысалдың айтар ойы бүгінгі таңда өте өзекті. Өйткені көптеген қара көз қандастарымыз дәулеті тасқан азаматтарға қызығып, тапқан табысына қарамай, қымбат көлік мінемін, қымбат киім киемін деп несиелік қарызға белшесінен батуда. Кейіннен «тойымсыз бақаның» тағдырын кешіп, тақырға отырады. Кей адамдар өміріне өз қолдарымен балта шабады.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (77.7 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club