Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

Автор:   •  Февраль 7, 2018  •  Статья  •  1,093 Слов (5 Страниц)  •  1,983 Просмотры

Страница 1 из 5

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖОЛЫ

Қалыбекова Маржан

« Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығының

3 курс студенті

Ғылыми жетекші: Карипбаева Ш.Т. педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы

Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек.

Алайда, «Қалай оқыту керек?», «не қолдану керек?», «нәтижелі қалай оқыту керек?», - деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «инновациялық технологиялық» жолмен жүруге әрекет жасады. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осы жаңа  әдіс-тәсілдердің бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың ұлттық тәрбиеге баулудың маңызы қаншалықты екенін , нәтижелілігін саралаған жөн.

Инновациялық технологиялардың тиімді жолдарын қолдана отырып жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені санасына сіңіру ел болашығы.Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

 Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбиеге »  баулудың инновациялық технологиялар жолдарының маңызын  қарастырайық.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Зерттеу барысында  ең  алдымен бастауыш сынып мұғалімдер ұжымы қолданып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды тізіп өттім:

•               Жобалау технологиясы;

•               Саралап даралап оқыту;

•               Дамыта оқыту технологиясы;

•               Модульдік оқыту технологиясы;

•               Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

•               Сатылай комплексті талдау;

•               Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Бұл қолданылып отырған әдіс-тәсілдер мектептің деңгейі мен техникалық құрал жабдықтардың ыңғайына қарай және ұлттық тәрбиеге баулудың тиімді жолы ретінде   ұстаз қауымен талдап іріктеп алынған педагогикалық технологиялар.

Инновациялық технологиялардың  бастауыш сынып оқушыларын ұлттық тәрбиеге баулудың маңызы:

  • Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы. Жобалау технологиясын ала отырып, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында ойын түріндегі жобаны қолдануға тиімді;
  • Сатылай комплексті талдау мен деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының бірінші жағы- грамматикалық материалды терең меңгертіп, сөз өрнектерінің сан қилысырын әр көнерген қазақи сөздің астарын ашып балаға түсіндірсе,

 екінші бір жағы- II деңгейдегі тапсырмалардың оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және тәрбиеліктің маңызы болуында;

  • Дамыта оқыту технологиясы өзінше бір ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу бағдарламасында берілген кең ауқымды тақырыптарды ,  түрлі-түсті суреттер, иллюстрацияланған кітаптар, монитордан бейнесін көру мүмкіндігі  бар аудиокітаптар, қазақ батырларының  кейіпкерлерің мультфильмдері , ұлттық ойындарды , бояма кітаптарды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына өзінше  білім берудің ұлттық үлгісі болып табылады;
  • Модульдік оқыту технологиясының ұтымдылығы бастауыш сынып оқушыларына қиын меңгерілетін тақырыптарды оңай жолмен игерту. Оқу материалының біртұтас жинақты өсу бағытымен қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымыздың берілуі, оқушының пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуы, ойын арқылы танымдық қызметін арттыруы аталған технологияның ұтымды жақтары.
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ұлттық тәрбиеге баулудың «эссе», «сиквейн», «инсерт» тәсілдерін қолдана отырып, қазақ  халқының  тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер  мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде оқушының өз ой толғанысын саралап, бұрынғы білетінмен, жаңа  білімді ұштастырудан тұрады. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Инновациялық технологиялардың ұлттық тәрбиеге баулудың нәтижелері:

  1. Техникалық құрылғылар пайдалуны арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіреді;
  2. Түрлі әдіс – тәсілдер оқушыларды ерекше ойлауға, өз идеяларын ашық айтуға , болжамдар жасай білуге , олардың бойларына рухани- адамгершілік, құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады;
  3. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
  4. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
  5. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады ;
  6. Қазақ халқының тарихын терең меңгереді;
  7. Ұлттық  мәдени мұраны игереді т.б...

Қорыта келгенде, инновациялық технологияның тиімді жақтарын ұлттық тәрбиеге баулуда қолдану бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады.  Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда  жатыр деп түсінемін.  Жас ұрпақты рухани-азаматтыққа тәрбиелеу қай елдің, қай кезеңнің болмасын маңызды  мәселесі болып келгеніне көз жеткізуге болады. Ендеше, оқушыларға  халқымыздың рухани байлығын,  мәдениетін, дәстүрін, терең таныстырып, ойшылдарымыздың ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, рухани-азаматтық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (138.3 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club