Семей қаласының «Еңлік-Кебек» кинотеатры ғимаратындағы өртті автоматикалық сигнализация жүйесі арқылы анықтау
Автор: Akerkeeee.ss • Декабрь 14, 2022 • Курсовая работа • 19,789 Слов (80 Страниц) • 213 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ................................7
1.1 Өрттер мен жарылыстар, жанудың түрлері....................................................7
1.2 Өрттің қауіпті факторлары және олардың салдары.....................................11
1.3 Өрт және жарылыс қаупі бар нысандардағы өрт қауіпсіздігі, апаттардың алдын-алу және халық пен қызметшілерді қорғау шаралары..........................13
1.4 Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мақсатында халыққа
өрт-техникалық білімді насихаттау.....................................................................16
2 НЫСАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ..........................................................................................24
2.1 Жалпы мәлімет................................................................................................24
2.2 Көлемді-жоспарлы шешімдері......................................................................25
2.3 Әлеуметтік-техникалық бөлім.......................................................................26
2.3.1 Сумен қамтамасыз ету жүйесі....................................................................26
2.3.2 Канализация.................................................................................................26
2.3.3 Электр жабдықтары және электрмен жарықтандыру...............................26
- Дабыл жүйесі және радиофикация............................................................29
3 НЫСАНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ...........................29
3.1 Тұрғылықты өрт сөндіргіш құрылғы түрлері..............................................30
3.2 Жылжымалы өрт сөндіру тактикасы және өрт сөндіруді ұйымдастыру..38
- Өрт сөндіру басшысы құқықтары мен міндеттері.......................................42
- Өрт шыққан кездегі эвакуациялық жолдар..................................................44
4 МӘДЕНИ ОЙЫН САУЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................50
5 СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ «ЕҢЛІК –КЕБЕК» КИНОТЕАТРЫНЫ ҒИМАРАТЫНДАҒЫ КЕЗЕКШІ АНЫҚТАҒАН ӨРТТІ СӨНДІРУ ӘДІСІ.....................................................................................................................55
5.1 Көрермендер залындағы өрт сипатын болжау.............................................55
5.2 Семей қаласының «Еңлік-Кебек» кинотеатры ғимаратындағы өртті автоматикалық сигнализация жүйесі арқылы анықтау.....................................57
5.3 Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
6 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ......................................................................................................59
6.1 Мекемедегі еңбек қорғау мәселелері.............................................................59
6.2 Қауіпсіздік техникасы талаптары..................................................................59
6.3 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.............................................................61
Тұжырымдама...................................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................65
Кіріспе
Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми– зерттеу жұмысының қалыптасуы 1959– 1960 жылдары өрттен қорғаудың жаңа техникалық қызметі– Қазақ КСР ІІМ Өрттен қорғау басқармасының өрт сөндіру сынақ станциясының құрылуынан басталды.
Өрт– сынақ станциясы (кейіннен зертхана болып қайта құрылды) Қазақ КСР ІІМ ӨҚБ-на күрделі техникалық мәселелерді шешуге көмектесті, өрттерді зерделеуге және өрт– техникалық сараптамалар өткізуге шығып тұрды. Неғұрлым айтарлықтай нәтижелер 1959 жылы Алматы әуежайында ИЛ-12 ұшағында өрттің дамуы мен оны сөндірудегі кең көлемді от жөніндегі зерттеулер болды. Тәжірибелердің нәтижесінде ұшақтағы өрттерді өшіру жөніндегі ұсынымдар берілді.
Басқа бір маңызды жетістік ретінде оттан қорғайтын көпситін жабындарды дайындауды есептеуге болады. Әзірленген көпситін бояулар металл мен ағаштан жасалған құрылыс құрылымдарының, электр кабельдерінің, полимерлік материалдардың отқа төзімділік шегін арттыруға мүмкіндік береді.
КСРО IIМ ӨҚБҒЗИ- мен бірігіп істеген жұмыстың нәтижесінде 1975 жылы көпситін оттан қорғайтын жабынға авторлық куәлік беру жөнінде оңды шешімге қол жеткізілді.
КСРО IIМ-нің 1990 жылғы 25 желтоқсандағы №484 бұйрығына сәйкес қолданылатын құрылыс құрылымдарының отқа төзімділігін бағалау, елдің азиялық аймағындағы климаттық және сейсклиматтық ерекшеліктерін есепке ала отырып, халық шаруашылығы нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұстанымдарын дайындау мәселелерін шешуде ғылыми базаны кеңейту мақсатында КСРО IIМ ӨҚБҒЗИ-ның Арнаулы ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды. Бұл оқиға Қазақстандағы өрт жөніндегі ғылыми бастау алған нүктесі болып табылады.
...