Семей қаласының ашық каштан топырағына агрохимиялық мониторинг жүргізу және эрозиядан қорғау үшін хитозан-натрий альгинаты негізінде ИП
Автор: shyngys.nurtasov • Ноябрь 13, 2019 • Реферат • 788 Слов (4 Страниц) • 737 Просмотры
Ш.Нұртасов1, А.Кливенко2
Семей қаласының ашық каштан топырағына агрохимиялық мониторинг жүргізу және эрозиядан қорғау үшін хитозан-натрий альгинаты негізінде ИПК алу
1 6М060600-Химия мамандығының магистранты, shyngys.nurtassov@mail.ru
2 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ағаоқытушысы, Phd., alexeyklivenko@mail.ru
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап әлем ғалымдары топырақтың сапасын және оның құрылымын жақсарту үшін интерполимерлі кешендерді (ИПК) қолдануға тырысқан. Әр түрлі климаттық белдеулерде әртүрлі топырақтар үшін полимерлердің көмегімен ондаған мың түрлі сынақтар жүргізілген. Алайда көптеген синтезделген кешендер ауыл шаруашылығында практикалық қолдануға енгізіле алмады. Бұл олардың бағасымен түсіндіріледі, яғни олар ауыл шаруашылығында пайдалану үшін экономикалық тұрғыдан тиімді емес еді болды. ИПК-ны топырақ түзуші ретінде шөлейттенуге қарсы пайдалану өзекті сұрақтардың бірі болып қала берді. [1, 5б].
Қазіргі таңда Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық жағдайы топырақ жамылғысының агрохимиялық көрсеткіштеріне, жел және су эрозиясының кері әсерінің артуына ықпал жасап отыр. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығуының басты себебі-мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы, ландшафт типінің және шұғыл контенентальді климаттың әсері, тарихи қалыптасқан тың игеру шаралары.
Бұл жұмыста Семей қаласы Бобровка ауданының ашық каштан топырағының агрохимиялық қасиеттері зерттелген.
Топырақтың агрохимиялық көресеткіштері келесідей: гравиметриялық әдіс арқылы далалық ылғалдылық 10,33±0,14%; органикалық қоспалар мөлшері 4,20±0,0062%. Потенциометриялық әдіс арқылы: актуалды қышқылдылық 7,248±0,016; ауыстырымдылық қышқылдылығы 7,152±0,0038. Гидролитикалық қышқылдылық 0,5310 мг∙экв / 100 г (Каппен бойынша) , гумус мөлшері 2,29±0,017% (Тюрин бойынша); гумин қышқылдары мөлшері 0,60±0,0030%; аммонийлі азот мөлшері NH4+ 0,62±0,039 мг/100г; фосфордың жылжымалы формаларының мөлшері (Кирсанов бойынша) 2,10±0,023 мг/100г; агрегаттарының суға тұрақтылығы 29 ± 0,6% құрады.
Экологиялық таза гидрофильді байланыстырғыштар ретінде құрамы табиғи полимерлерге негізделген ИПК қолдану аса тиімді. Алайда, ИПК-ны синтездеу әдістері, физика-химиялық қасиеттері әлі де нашар зерттелген [2, 35б].
Топырақты жасанды түрде құрылымдау мәселесі Қазақстан Республикасы жағдайында үлкен практикалық маңызға ие. ИПК көмегімен суға және желге төзімді оңтайлы топырақ құрылымын қалпына келтірушілер туралы тәжірибелік деректер іс жүзінде жоқ [3, 115б].
ИПК-ны бірнеше жолмен алуға болады: дайын полимерлер ерітінділерін қарапайым еріткішке араластыру арқылы, матрицалық полимерлеу және фазалық шекарада поликомплекстер жұқа қабық түрінде пайда болуы арқылы [1, 33б]. ИПК алу әдісі алынған поликомплекстердің құрылымы мен қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді.
Коллоидты - дисперсті жүйелердің құрылымын қалыптастыру практикасында физика-химиялық және технологиялық қасиеттері алдын-ала анықталған, арзан, қол жетімді, дайындалуы жеңіл өндіріс технологиялары ғалымдарды қызықтыруда.ИПК негізіндегі топырақ құрылым түзушілері, өсімдіктерге және жануарларға зиянсыз [4, 1192б].
Хитозан (ХТЗ) - тармақталмаған тізбектері 1,4-β-гликозидті байланысымен байланысқан 2-ацетамидо-2-дезоксиглюкозаның элементар бөліктерінен тұратын сызықты полисахарид. ХТЗ еріткіштерде еруі қиын, еру процесі барысында полимердің құрылымы бұзылып, молекулалық масса мен молекулалық массаның таралуын анықтау қиындайды.
...