Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің
Автор: Mussanova1989 • Апрель 18, 2018 • Лекция • 348 Слов (2 Страниц) • 954 Просмотры
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің
І курс магистрі
Оралхан Бөкей – Кеңес кезіндегі ескі әдебиетіміздің жаңаша жаза бастаған жазушысы. Ол шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманын таңғалдыра алды. Жазушы өз ортасының шындығын, туып–өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс–тіршілігін керемет бейнелеп жазған. Жалпы, адамды ардақтау, адам психологиясын терең зерттеу – Оралхан Бөкей шығармаларының негізгі тақырыбы десе де болады.
Оралхан Бөкей шығармашылығында да талайды табындырған, шиеленіске толы прозалық шығармаларындағы негізгі тақырыптардың бірі – әйел–Ана бейнесі. Қаламгер әйел тағдырын өз басынан кешіргендей жанымен түсініп, кең жүрегімен толғана отырып жазады. Оралхан Бөкей шығармаларын оқи отырып, қаламгер сомдаған әйел–Ана бейнесін екі топқа бөлуге болады: бірі – жер бетіндегі бар тіршіліктің бастау көзі, қамқоршысы мен ұйытқысы, киелі Аналарды жазушының «Апамның астауы», «Айпара-ана», «Жесірлер», «Бәрі де майдан», «Атау–кере» сынды шығармаларынан кездестірсек, екіншісі – жер бетіндегі тазалықтың, сұлулықтың, махаббатқа адалдың символы әйел–Ана–арулар бейнесімен «Өз отыңды өшірме» романында танысамыз. «Өз отыңды өшірме» жазушы Оралхан Бөкейдің роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан–Сібір магистралын салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шежірелейді.
Жазушы «Апамның астауы» әңгімесінде әйел баласын қазақ елінің қасиеті ретінде көрсете білген. Ол қазақтың этикалық, этнографиялық, тіпті археологиялық байлығының негізін әйел бейнесімен байланыстырады. Әңгіменің барысында «Апам менің...» деген тіркестің бес рет қайталануы – анаға деген сағыныш ғана емес, ұлттық салт–дәстүріміздің айнасы іспетті аналарымыздың сиреп бара жатқандығы толғандырған. Автор «Адам өмірі де қаңсыған астау секілді қаңсып қалады екен-ау» деген түйінді жасайды.
Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады. «Атау–кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ.
...