Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері

Автор:   •  Февраль 24, 2020  •  Реферат  •  2,708 Слов (11 Страниц)  •  1,000 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

ІІ Негізгі бөлім

2.1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

2.2.Жұмыс уақытының нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.3.Жұмыс уақытының режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

 ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12

ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13


Кіріспе

ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.

1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 1416 сағатқа дейін жетті. Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралыққұқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.


1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.

Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық және жеке еңбек шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған уақыт та, сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек құқығының нормаларына сәйкес жұмыс уақытынан алып тастауға болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің тоқтап тұруы, төленбелі үзілістер және т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да жұмыс уақытына кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы төленуі керек. Демалыс және тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, сонымен қатар, жұмысқа кешігіп келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын кету жұмыс уақытының құрамына енбейді. Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі бір дәрежеде қызметкерлердің өмірінің деңгейіне әсер етеді. Оның ұзақтығы демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның дамуына, адамдардың мәдени және өзге де қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына әсер етеді. Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы кодекстің нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға және қызметкерлердің демалуға және еңбекті қорғауға қатысты құқықтары бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті[1, 12].

...

Скачать:   txt (38.3 Kb)   pdf (135.8 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club