Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эссе және оның жазылу ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 13, 2022  •  Эссе  •  440 Слов (2 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Қысқа курс атауы – «Эссе және оның жазылу ерекшеліктері»

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын

дарынды балаларға арналған облыстық

мамандандырылған мектеп-интернаттың

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Айсулу Оралбайқызы Еллыбаева

         Қаңтар айының 24-26 аралығында Ақтау қаласындағы «Өрлеу» ААҚ Маңғыстау филиалына өзімізді жетілдіру курсына келдік. Бұнда келгендегі мақсат эссе мен шығарманың айырмашылығын түсініп кету болатын. Қазақ тілі пәнінің оқулық бағдарламасында, ұстаз жоспарында үнемі шығарма жазу міндеттелетін. Қазіргі таңда жаттанды немесе кітапта жауабы бар шығармаларды жазғызғаннан гөрі баланың санасын дамытып, ойлау қабілетін жетілдіретін, өз пікірін еркін айта алатын ұрпаққа эссенің маңыздырақ екенін жеткізуге тиіспіз түсіндіру еді. Үш күндік курста біз нені үйрене алдық?

«Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз». Осыған аталған курста тағы бір мәрте көзім жетті. Курстың алғашқы күні таныстық пен эссе туралы түсініктен басталды. Жәмиға апай эссе туралы түсінік беріп өтіп, өзімізге «Ұрпақ тәрбиелеуде ұстаз маңызы» тақырыбына эссе жазуды тапсырды. Шатастық. Әдеттегідей эссе емес шығарма жаза жөнелдік. Әдемі жазылып, оқылған шығармалар болды. Міне, осы жерде қателестік. Эссе туралы түсінікті тағы бір мәрте қайталауға тура келді. Қайталай отырып, қателерді жөндей бастадық.  Оқушыға эссе жазғызып үйрету үшін, алдымен өзіміз алдын-ала жазылған түрлі бағыттағы мәтіндерді оқып, қорытындыладық. Топтық, жұптық жұмыстар жасадық. Талқылау арқылы өзіміз эссенің критерий, талаптарын құрастыра бастадық. Демек эссе өз ойыңнан, көкейіңнен шыққан сөзді әсерлі етіп жеткізу.  Міне, осыны білдім.

«Көш жүре түзеледі». Екінші күні Ақтау қаласындағы №21 мектепте өткізілген қалалық семинарға қатыстық. Семинарда 11-сыныпқа сабақ беретін қазақ тілінің мамандары жиналды. Мұндағы мақсат – тәжірибе алмасу. Тыңдадық, талдадық. Өзімізге қажетті деп таныған жұмыстарды түртіп алдық. Түстен кейінгі сабақта біз таңертеңгі семинарды талқыға салдық. Өз ойымызбен бөлістік. Біраздан соң интербелсенді тақтадан отандық телеарнадан көрсетілетін «Наша Казаша» бағдарламасын сынап жазған мақаланы оқи отырып, өз көзқарасымызды ПОПС әдісі арқылы жеткіздік. Пікір айтушылар көп болды, десе де ерекше әсер қалдырған Айбек пен Сания апайдың пікірлері. Олар қазақ елін, жерін мазақ ету арқылы арзан күлкіні жалау етіп, ритинг үшін жұмыс жасамай, жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін нәижелі бағдарлама қажет екенін батыл айтты. Біз бірінші күнге қарағанда өз көзқарасымызды айқындап, ойымызды жинақы жеткізе алдық.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (40.1 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club