Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Подкаст технологиясы

Автор:   •  Декабрь 3, 2018  •  Научная работа  •  8,917 Слов (36 Страниц)  •  1,148 Просмотры

Страница 1 из 36

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Филология факультеті

«Шетел тілдері» кафедрасы

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРВИС – ПОДКАСТ

ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ

АЛАТЫН ОРНЫ

Орындаған: Қанжан А., ШТ-16-1ус

Ғылыми жетекшісі: Тугелова Ж.Ж., магистр

Тараз– 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І ТАРАУ ШЕТЕЛ  ТІЛІН  ОҚЫТУДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК  СЕРВИС-ПОДКАСТ  ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  АЛАТЫН  ОРНЫ............................7

1.1.Подкаст – шетел  тілін  меңгерудегі  заманауи  технология.........................7

1.2.Подкаст – ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырушы негізгі технологияның бірі................................................................................................13

ІІ  ТАРАУ ШЕТЕЛ  ТІЛІН  ОҚЫТУДАҒЫ  ӘЛЕУМЕТТІК  СЕРВИС-ПОДКАСТ  ТЕХНОЛОГИЯСЫН  ТИІМДІ  ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ....19

2.1. Подкаст  арқылы  оқушының  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру тәсілдері.........................................................................................19

2.2. Подкаст технологиясы түрлерінің қолданылу ерекшеліктері..............28

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

ҚОСЫМШАЛАР

[pic 1]

КІРІСПЕ

ХХІ -  ғасыр  ақпараттық  технология  ғасыры. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»[1] -деп  Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  атап  көрсеткендей, жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияның,  яғни  компьютер  арқылы  оқыту  үрдісін  дамыту  мен  оның  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор.

Білім беруді ақпараттандыру дегеніміз - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады.Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ғалымдар кез келген адамға қолжетімді, межеленген нәтижеге жеткізетін білім берудің жаңа парадигмасын іздестіруде. Жаңа парадигма – бұл ЮНЕСКО жариялаған жетекші қағидаларды негізге алатын «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» — «Life Long Learning (LLL)» және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы. Қазіргі заманның талаптарына жауап беретін білім берудің мақсаттары ЮНЕСКО-да «Білім беру барлығы үшін» қозғалысының «Төрт бағаны» ретінде сипатталған: «өмір сүруді үйрену; тани білуді үйрену; істей білуді үйрену; қатар өмір сүруді үйрену»[2].Аталған қағидалар әлемдегі ең озық идеялар мен білім беруді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті әлем азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған.

 Осындай маңызды да, жауапты талапты орындау үшін оқушы да, мұғалім  де соған лайық оқыту парадигмасын таңдауы қажет. Ол мұғалімге де, оқушыларға да көптеген міндеттер жүктейді. Мысалы, оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, олардың оқу үдерісінде қолдану тәсілдері мен қызметтерін жетілдіру, ақпараттық технологияны тиімді қолдана білу, үнемі ізденісте болу, техниканың жаңа мүмкіндіктерінен хабардар болу және т.с.с. күрделі мәселелерді шешуге тура келеді [3-4].

Сол секілді, білім беру ордаларында заманауи ақпараттық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді тиімді әрі орынды қолдану, оларды қолданудың жолдарын қарастыру қазіргі уақытта маңызды орында.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында Қазақстан өз даму жолында жаңа ұмтылыстар жасау жолында және қоғамды ақпараттандыру ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамыту механизмі ретінде бекітілгендігі туралы айтылған [5].

Осыған  орай,қазіргі қоғамдағы ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты  білімді, білікті, шетел тілін меңгерген,шығармашыл, бәсекеге қабілетті оқушы, яғни еліміздің болашағын  тәрбиелеу мен қалыптастыру мақсаты  қойылды.

Шетел  тілін   оқытудағы  негізгі  мақсат  – еліміздің халықаралық қатынастарда барлық сала бойынша дамушы елдер қатарына қосылуына орай, халықаралық қатынас тілдерін еркін меңгерген, мәдениетаралық қатысым құзыреттілігі толық қалыптасқан, жан-жақты дамыған, халықаралық қатысымға еркін түсе алатын тұлға қалыптастыру.Олай болса, шеттілдік білім беру ордаларының да негізгі міндеті – шетел тілдерін жоғары деңгейде жүргізіп, заманауи технологиялар мен әдістерді тиімді қолдану жолдарын мейлінше көбірек зерттеп, білім беру үрдісіне енгізу болып табылады.

Қазіргі таңда қоғамның даму тенденциясының басым бағыттарының бірі – ақпараттандыру болып табылады. Интернет-технологиялардың жылдам дамуы мен таралуы білім беру жүйесінде жаңа парадигмаларды жүзеге асыратын мүмкіндіктердің көзі ретінде қарастырылады. Жаңа буынның электронды білім беру технологияларын құру және пайдалану білім беру жүйесін жаңғыртудың ең тиімді тәсілі болып табылады.

Осыған орай, біздің ғылыми зерттеу жұмысында қарастырылып отырған тақырып осы аталған мәселені қозғайды. Яғни, шетел тілін оқытуда заманауи технологияларды тиімді қолдану арқылы білім алушы тұлғаның ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын қарастыру.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамыған заманында шетел тілін оқытуға бағытталған көптеген технологиялар жасалуда. Соның бірі – подкаст технологиясы.

«Подкаст» ұғымын осы уақытқа дейін көптеген ғалымдар жан-жақты зерттеп, нақты анықтамасын беруге тырысып жүр. Солардың бірнешеуіне тоқталуды жөн көрдік.

Енді осы аталған ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар пайымдауларына жіті тоқталар болсақ, Ресей зерттеушілері П.В.Сысоев пен М.Н.Евстигнеевтің пікірлері бойынша “подкаст” – әлемдік желі арқылы аудио-бейне бағдарламаларды тыңдау, қарау, құру және таратуға мүмкіндік беретін қоғамдық қызмет түрі [6].

Подкасттың кәдімгі теледидар мен радиодан айырмашылығы – аудио-файлдар мен бейне бағдарламаларды тікелей эфир арқылы ғана емес, адамның өзіне ыңғайлы уақытта тыңдауға және көруіне жағдай туғызады.

Сол секілді, Н.Д. Гальскова мен Н.И. Гездің пайымдауынша, шетел тілі пәндерінде шеттілдік тыңдап-түсінуді тиімді қолдана білу өте маңызды болып табылады «тыңдап-түсіну айтылымның қосымшасы ретінде ғана қолданылып жүргені белгілі және бұл сабақ барысында түпнұсқаларға сай емес жағдаяттарды эпизодты түрде ғана қарастырады» [7]. Шетел тілін үйретуде заманауи подкаст технологиясын қолдану инновациялы мультимедиялық феномен (ерекше құбылыс) болып табылады.Яғни, оқушылардыңподкаст  технологиясын  қолдана  отырып, ағылшын тілін жетік меңгеруімен тығыз байланысты.

...

Скачать:   txt (131 Kb)   pdf (884.3 Kb)   docx (354.3 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club