Уыт өндіру технологиясы
Автор: 87475110443 • Май 14, 2018 • Реферат • 1,061 Слов (5 Страниц) • 3,540 Просмотры
Уыт өндіру технологиясы
Уыт деп белгілі температура мен ылғалдылықта жасанды жағдайда өндірілген астық дәнін айтады.Уыт өндіру үдерісінің мақсаты: дәнді белсенді негізінен гидролитикалық әрекет ететін ферменттердің жинақталуы.
Әртүрлі мақсатта қолданылатын уыт алудың принципиалды технологиялық сызбасы:
1.Дәнді алғаш тазалау;2.Дәнді сақтау;3.Дәнді екінші рет тазалау;4. Дәнді сұрыптау; 5. Дәнді жуу және дезинфекциялау; 6. Дәнді сулау; 7.Дәнді өндіру;8Уытты кептіру.
Дәнді тазалау және сұрыптау.
Дәнде қоспалардың болуы, оның зақымдалуы микроорганизмдердің дамуы үшін қолайлы орта болып табылады да,уыттың сапасын төмендетеді.Сондықтан да уыт дайындауға арналған дән 2 рет мұқият тазартудан өтеді:
1-рет: астықты қабылдағанда;
2- рет: өндіріске астықтың түсуі кезінде.
Дәнді 1-ші тазалау: дөңгелек тесікті 3 елегі бар камерадан тұратын ауалы- електі сипараторда жүргізіледі.
Үстіңгі ( қабылдағыш) електе 5 (тесігінің диаметрі 10- 20 мм) ірі қоспалар ұсталып қалады: сабағы, тастар, жер түйіршіктері; екінші електе 4 (тесігінің 2,6-10 мм) өлшемі дәннен біршама үлкен, қалған қоспалар жиналады. Дәннің көп бөлігі тесігі 1,5- 2 мм үшінші електе 3 жиналады, ал қалыңдығы кішкентай қоспалар сол тесік арқылы өтіп кетеді.Сепаратордан кірер және шығарда дәндер желдеткіш арқылы жасалатын ауа сорғысына келіп түседі. Жеңіл қоспалардың ( шаң,сабан,қабық) жинақталу шамасына қарай тартылу күшінің әсерінен тұнбалаанатын камераның 2 қақпағы ашылып, қоспалар ажыратылады. Тазаланған арпа сақтауға жіберіледі.
Өндіріске түсер алдында арпа магнитпен және ауалы- електі сепаратор,триерден екінші тазалаудан өткізіледі.Ауалы- електі сепараторда арпа ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан , магнитті сепараторда металл бөліктерінен, ал триерде ұзындығы бойынша дәннен ерекшеленетін қоспалардан тазаланады.Соңғы тазалау жоғары сапалы уытты біркелкі өлшемдегі дәннен алатын болғандықтан дән өлшемі бойынша фракцияларға сұрыптаудан тұрады.Бұл біркелкі өлшемдегі дәндердің біркелкі суланып және өнуінен, ұсақ дәндердің тез, ал ірі дәндердің жай сулануымен түсіндіріледі.
Дәнді сулау.
Ылғалдылығы 13-15 % құрғақ ауалы дән салыстырмалы тыныштық жағдайда болады және өңбейді.
Дәнді сақтау үшін оның ылғалдылығы 14-14,5 % болуы керек.
Өндіру үшін дәннің ылғалдылығы (40-47 %) оны суға жібіту немесе сулау кезінде керекті деңгейге жеткізеді.Сулау кезінде дәнге сіңірілген суды, яғни дәннің құрғақ- ылғалдылығымен салыстырғанда өмір сүршеңдіктің пайда болуы үшін қажетті вегатационды деп аталады.
Негізгі дәннің ылғалдылығын жоғарылату мақсатынан басқа екінші мақсат: қалған қоспалардан бөлу және дәнді дезинфекциялау болып табылады.
Дәнді суға салғанда судың дәннің ішіне ұрықты және қабығы арқылы өнуін негіздейтін дәннің ішінде және сыртында әртүрлі су концентрациясы құрылады.
Қауызды дақылдарды( арпа,сұлы ) суландырғанда олардың қауызы болуы гүлді қауыз судың енуіне кедергі келтіреді. Мұндай дәнде су ішкі гүлді қабық пен қапталған ұрықтық бөлік арқылы кіреді. Соның әсерінен гүлді қабық су өткізетін болады.
Сулау кезінде судың дәнге енуі және жоғарғы молекулярлы байланыстағы астықтың ісінуі әсерінен дән көлемі 45 % өседі.Дәнде су біркелкі таралмайды.Көп бөлігі ұрығында және үстіңгі қабатында болады.Аз бөлігі дәннің ортаңғы бөлігінде болады.
Дәнді сулау кезінде алғашында суды сіңіру жоғарғы жылдамдықта жүреді.Сосын жылдамдық төмендейді.
Ұрықтың өсуі тыныс алу қарқындылығының күшеюімен бірге жүреді.Сулау үдерісінде ауа жеткілікті дәрежеде болса,дәнде аэробты тыныс алу жүреді:
C6H12O6+6O2=6CO2+H2O+2822кДж.
Ауа жеткіліксіз болған жағдайда анаэробты тыныс алу жүреді:
C6H12O6=2C2H5OH+2CO2+188кДж.
Анаэробты тыныс алу кезінде түзілетін заттар ұрықтық жапырақшалардың және тамыршықтардың дамуын тежеп дәндегі өміршеңдік үдерін тоқтатады.
Сулау жылдамдығына температура және судың тұзды құрамы дән- дақылы,дән өлшемі,климаттық жағдай және өсіру әдісі әсер етеді.Дән дақылы да сулау жылдамдығына әсер етеді.
...