Атқа міну мәдениеті - дәстүрлі мұра
Автор: 123ti • Февраль 26, 2019 • Творческая работа • 1,069 Слов (5 Страниц) • 1,924 Просмотры
СӘЙГҮЛІККЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫНДАҒЫ ҚАСИЕТІ
Орындаған: Балтабайқызы Айымкөз
Ғылыми жетекші: Ұзақбай Гүлнәр Өмірзаққызы
Оқу орны: ҚазГЗУ колледжі
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Атқа міну мәдениеті - дәстүрлі мұра
- Арғымақ мінген өкінбес
- Қазақ пен Қазанат
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендік алуы қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгерістерге жол ашқаны белгілі. Бұл өзгерістер саяси – экономикалық сипатымен қатар күнделікті өмірде де терең байқалған болатын. Сонымен қатар оң өзгерістердің ықпалы білім және ғылым саласында да анық байқалуда. Елбасымыз жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі деген болатын. Осы ойдың кепілі ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігіне баса назар сала отырып, төл тарихымызды жетік меңгеру және қадірлей білу – елдің болашағының мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап көрсетеді. Көшпелі өркениеттің жалпы адамзаттық құндылық болып саналатын төл тарихымыз–халқымыздың болмысы, тіршілік тынысының шыққан биігі. Ұлттық мәдениетіміздің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңарып, өркендеуі халқымыздың рухани мұралары мен дәстүрлерін қастерлеуі, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің айғағы.Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Сол себепті де, елімнің жас ұрпағы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты елбасы бағдарламасының «Уақыт пен кеңістік» бөліміндегі «атқа міну мәдениетіне» баса назар аударып, осы бағытты зерттеп, еліміздің түкпір-түкпірінде ата-бабамыздан қалған мұраны жаңғырту мақсатында көптеген тың идеялармен өз ойымды ғылыми жоба арқылы үндеймін.
Ғылыми жобам арқылы өз рухани дүниесінде мынау шексіз де шетсіз аспан әлемі мен жер бетін оймен бағдарлаған, білуге ұмтылған халқымның салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын тануға ұмтылып, оның құдыреттілігін сезіне білу керек екеніндігін жеткізгім келеді. «Атқа міну мәдениетінің» бастамасы ұлы даладан тарағанын мақтанышпен айтқым келеді. Осы ұлы даламыздың, тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау, өз қазынасын құрметтеуге шақырудан басталатынын жастар ұғынса деймін. Өр Алтайдан – Атырауға, Ұлытаудан – Алатауға дейін созылып жатқан қасиетті жерімізді, ұлы даланы батыр бабаларымыз қазақтың атының үстінде жүріп қорғаған. Халық ер – азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Демек, құрмет белгісі ретінде жылқы үлкен сый орнына жүреді. Жылқыны мінсең – үсті жел, “Ішсең – қымызы бал, жесең – еті бал”. Алтын тамыр халқымыздың «қазақ» деген иісін аңқытатын, ардақты ата – жұртымыздың төл құндылығын танытатын, еліміздің елдігін асқақтатар төл байлығы – жылқының шығуына тоқталып кетейін. Жылқылар б.з.б 7000 жыл бұрын қолға үйретілген болатын. Оның ең алғашқы қалдықтары еліміздің солтүстігінде, үш өзеннің тоғысқан тұсында «Ботай мәдениетіне» тиесілі энеолит дәуірінде табылған. Әлемдік көптеген дауылдық сұрақтардың нүктесін қойған Виктор Зайберт өз еңбегінде ең алғашқы жылқыны қолға өсіру мәдениеті – Қазақстан еліне тиесілі екенін айтты. Ол археологиялық жұмыстар нәтижесінде 60000 астам жылқы сүйегін тауып, 133 жылқы сүйегі «Ботай мәдениетінде» табылғаны туралы ақпарат қалдырды. Сонымен қатар, әйгілі Америкалық ғалым, Майкл Верен «Орта Азияның ежелгі мемлекеттері» еңбегінде ең алғаш үзенгіден аяқ киім өтіп кетпеу үшін, өкшелі аяқ киім ойлап тапқан біздің ата – бабамыз екенін өз еңбегінде атап өтті. Жылқыны мініс ретінде пайдалану үшін де арнайы қолданылатын құрал-жабдық түрлері бар. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін, биік ер – тұрман мен үзенгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге, шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қоллдануына мүмкіндік берді. Сәйгүліктің жылдам шабуына «қамшы» ойлап тапқан. Қамшы-атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар, қару ретiнде қолданылған. Атқа мінетін, яғни аттың оң жағын – «мінер жағы» дейді де, аттың келесі жағын, яғни аттың теріс жағын «қамшылар жағы» дейді. Кейбір мінезі шәргез жылқылар теріс жағынан мінгізбек түгілі, жақындатпайтыны да болады. Ал осы жылқының мінер жағы мен қамшылар жағының сырын кейбір деректерде былайша түсіндіреді: Бұл жағдай адамдардың көбісі оңқай болуына байланысты. Ертеде жігіттер қылышын оңай суырылу үшін сол жағына таққан. Осылайша сол жағында салақтаған қылышы бар ерлер атқа мінгенде сол аяғын үзеңгіге алдымен салу ыңғайлы келеді. Жәнеде соғыс кезінде көп адам атқа біркелкі мінгенгеде ыңғайлы болған. Бұлар қазіргі заманда қажеті шамалы болғанымен үйренісі бойынша сол аяғын алдымен үзеңгіге салады.
...