Пайдалы және пайдасыз әдеттер
Автор: arsenzanar • Январь 28, 2019 • Творческая работа • 1,080 Слов (5 Страниц) • 1,085 Просмотры
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мекеме: | Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі | |
Мұғалім | Жайлаубаева Индира Жубаткановна | |
Топ | МДТ-02 | |
Сабақ тақырыбы | Пайдалы және пайдасыз әдеттер |
Мақсаты | 1. Студенттерге әдет туралы жалпылама түсінік беру; 2. Пайдалы әдеттердің саналы өмір сүру барысында маңызды және қажеттілігіне көз жеткізу. 3.Орта арқылы қалыптасатын зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: тиісті ақпарат ала отырып, өздерінің пайдалы және пайдасыз әдеттер туралы білімдерін арттырады. | |
Оқушылардың басым көпшілігі: өз ойларын жетік меңгерте алады. Тәрбие сағатының әр кезеңінде ойларын ортаға сала алады. | ||
Кейбір оқушылар: Пайдалы және зиянды әдеттерге нелер кіретініне көз жеткізеді. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылардың басым көпшілігі: диалогқа құра алады.Ойларын еркін айта алады. | |
Негізгі сөздер мен тіркестер: пайдалы және зиянды әдеттердің түрлері | ||
Сыныптың безендірілуі: студенттер шеңбер бойы отырып бір біріне жақынырақ жайғасады. | ||
Сынып сағаты психологиялық тренинг түрде өтеді. | ||
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз). | Ескертпе |
Басталуы 10 минут | Қайырлы күн! Құрметті менің студенттерім сіздерді көргеніме қуаныштымын! Бүгінгі кезекті тренинг сабағымызға хош келдіңдер дегім келеді. Психологиялық дайындық Барлығымыз бір-біріміздің алақандарымызды ұстау арқылы тренинг ережесін бекітейік... Тренингтің ережесін бекітіп алайық: 1. Өз ойын ашық бүкпесіз айту; 2. Өзгенің пікірін құрметтеу; 3. Шынайылық; 4. Белсенділік; 5. Өз сезімін басқара алу; 6. Уақытпен санасу. Тақырыпты ашу кезеңі.. Бірде бір он екі жыл бойы Афины қаласының шетінде өмір сүрген. Күн сайын ол жұмысқа бір жолмен барып келетін. Кейін бұл кісі қаланың басқа бір шетіне көшіп кетеді. Бір күні жұмыстан кейін ол үйіне бет алады. Өзінің бұрынғы үйінің қасына келіп қалғанда ғана ол басқа жаққа кетіп қалғанын аңғарады. Сөйтсе, әдеті бойынша бұрынғы үйіне келіпті.
Сіздер білесіздер Елбасымыз биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл үлкен сенім, үлкен бастама. Жалындап тұрған жастық шақта сіздердің зиянды әдеттеріңізден гөрі пайдалы әдеттеріміз көп болғаны дұрыс. Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі — балалық шақ. Осы кезеңдегі кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдетердің қалыптасуына себепші болады. 1 тапсырма. «Жақсы болу – өзіңнен,
| Барлығы белсене қатысады.
Студенттер өз пікірлерін ортаға салады. |
Ортасы 15 мин | Бейнекөрсетілім тамашалау. Жаман әдеттен арылудың жолдары. Талдау сұрақтары: - Пайдасыз әдеттерге нелерді кіргіземіз? - Жаман әдеттерден қалай дұрыс арылуға болады? 2 тапсырма. «Балық» жаттығуы . Балалар балық сусыз өмір сүрмейді. Менің қолымдағы балықты тезірек суға жіберу үшін менің сұрақтарыма жылдам жауап берсеңіздер екен? Барлық студенттер қатысады. Сұрақ : Сіздің бойыңыздағы бір жақсы әдет пен бір жаман әдетті айтып өтсеңіз ? Талдау: Қандай әдеттерді айтуда аса қиындық болды. Сергіту сәті. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру | Балықты кез-келген оқушыға беремін олар шеңбер бойы тезірек балықты беріп жауап береді. Студенттердің барлығы қатынасады. |
Аяқталуы 15 минут | Топпен жұмыс . Жағдаяттарды сахналау арқылы тақырыпты түсіну.
Сабаққа үнемі кешігіп келетін студент тағы да сабаққа кешігіп келді. Осы әдетіңді қашан қоясың деген сұрап едіңіз.. Ол: апай мен осы әдетімді тастай алмай жүрмін. Үнемі ұйықтап қала беремін деп ,-жауап берді. Сіздің жауабыңыз қандай болмақ... 2.тапсырма. Болашақ тәрбиеші ретінде балаларға қандай пайдалы әдеттер туралы сабақ өттіңіз. Кенет бір бала сізден :
3.тапсырма. Балабақшада ата-ана сізге баласы Қанаттың тәртіпсіз, тәрбиеге көнбейтін бала екенін айтты. Қанатты өзгертуге , жаман әдеттерінен арылуға көмек беріңізші деп кеңес сұрады. Сізден әрекетіңіз ? |
Студенттерді жағдаятты мұқият оқып, танысып сахналайды. |
Қорытынды 10 мин | Студенттер сіздер соншалықты кішкентай бала емессіңдер... сіздер отбасы , мектеп тәрбиесіне , ең бастысы өмір тәрбиесі арқылы бойларыңызда пайдалы да арасында пайдасыз да әдеттер қалыптасқан... Біз оларды ақырындап өмір сүру процесінде өзгертуге тырысамыз. Өмір тәжірбиесі жақсы әдеттеріміздің көбейіп, пайдасыз әдеттерімізден арылтуға үйретеді. Олай болса тәрбиелік мәні зор «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін бәріміз бірге орындайық... «Рахмет» жаттығуы Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл - күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды. Келесі тәрбие сағатымызда кездескенше аман-сау болыңдар.... |
Жаттығуды шеңберде тұрып жасайды. |
...