Дж.Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз
Автор: Aidana2021 • Февраль 10, 2022 • Эссе • 1,028 Слов (5 Страниц) • 8,080 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Дж.Ритцер еңбектерін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз
Орындаған: Кайнолла А.Б.
Тексерген: Омарова А.Т.
Алматы 2021ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Суицид түрлері.
- Эгоистік суицид.
- Альтруистік суицид.
- Аномиялық суицид.
- Фаталистік суицид.
- Суицидті болдырмау жолдары.
- Суицидті дінмен жою.
- Қорытынды.
Джордж Ритцер - американдық әлеуметтанушы, профессор және автор. Ол негізінен жаһандану, метатеория, тұтыну үлгілері және қазіргі постмодерндік әлеуметтік теорияны зерттеді. Дж.Ритцер «Әлеуметтану теориясы» атты кітабын 1995 жылы жарыққа шығарып, әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан баяндап, әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырып жазған. Соның ішінде адамның өз-өзіне қол жұмсауы туралы да айта кеткен.
Өзін-өзі өлтіру (латын тілінен аударғанда sui caedere «өзін өлтіру») – адамның өз өмірін тоқтатуға бағытталған қасақана әрекеті. Әдетте тәуелсіз және ерікті күйде болады. Өте күрделі этикалық мәселе - эвтаназияны суицидке жатқызу. Дюркгейм суицидтің себептері жайлы бірқатар балама тұжырымдар жасап, оларды салыстырды. Олардың арасында жеке психопатология, маскүнемдік, нәсіл, тұқымқуалаушылық бар. Яғни, бұл факторлар суицидке апаруға көмектеседі, бірақ та нағыз себепші емес деп тұжырым жасады. Кейін суицидтің төрт түрін шығарды:
- Эгоистік суицид.
- Альтруистік суицид.
- Аномиялық суицид.
- Фаталистік суицид.
Эгоистік суицид - әлеуметтік интеграцияның жетіспеушілігінен туындайды. Эгоистік суицидтің жоғары қарқыны «діңкелеп шаршаудан және қайғылы депрессиядан» басталады. Мысалы, Дюркгейм қоғамдық құлдырау кейін «депрессия мен уайымдарға алып келетінін» айтады. Саясат шарасыздық сезімін тудырады, ал мораль жеке таңдау ретінде қарастырылады. Сондай-ақ танымал болған философиялық көзқарастар өмірдің мағынасыздығына назар аудартады.
Альтруистік суицид - «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған жағдайда туындайды. Индивид суицидке баруға мәжбүр болады. Олар бұл әрекетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Альтруистік суицидтің ықтималдығы «үмітті ақтауға, бұл өмірден тыс керемет болашаққа деген сенімдерге» қатысты. Альтруистік суицидтің бір мысалы – 978 жылы Джонстоундағы Гайана қаласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі. Олар уланған сусынды әдейілеп алып, кейбіреулері балаларына да осы сусынды ішкізген. Джонстың фанат ізбасарлары бұл қауымдастыққа тәуелді болғаны соншалық – осындай әрекетке баруға бел буған.
Аномиялық суицид – қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүмкін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары бақылаусыз болады. Экономикалық өрлеу кезінде тосыннан табысқа жеткен адамдар дәстүрлі құрылымдардан алыстайды деп санайды. Осындай жағдайда адамдардың әрекеті басқаруға келмей қалады, тіпті олардың армандары да шектелмейді. Экономикалық өсу кезеңінде адамдар өздерін жарқын болашақ күтіп тұрғандай сезініп, кейін «күткен армандармен салыстырғанда шындық түкке тұрғысыз, мәнсіз нәрсе болып көрінеді». Осылайша, реттеуден босатылған адамдар өз құмарлығының құлы болып, нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әрекеттерге, тіпті өздерін өлтіруге дейін барады.
...