Оқушының білім алуына әсер етуші фактор және мұғалімнің әрекеті
Автор: Aidakosh2021 • Январь 7, 2021 • Эссе • 467 Слов (2 Страниц) • 943 Просмотры
Эссе
Оқушының білім алуына әсер етуші фактор және мұғалімнің әрекеті
Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын
ояту ең маңызды мақсат.
К.Д. Ушинский
Қазіргі инетернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Оқушының оқуға деген ынтасы болу үшін кішкентай кезінен бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнату керек. Оқушыға сабақтан кейінгі уақытытн тиімді пайдалануға жоспарлауды үйрету керек. Үй тапсырмасын орындауға, демалуға, компьютерге отыруға уақыттарды бөлу қажет. Сонда ғана оқушы уақыт тиімді пайдаланады. Оқушы жиі мақтау керек, азғантай ғана сәтсіздіктер үшінде. Оған, онымен қалай мақтанатыныңызды оқушыларды мақтап қолпаштау кіші жастап маңызды. Бала бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек. Оның еңбегін ата-анасы біледі және оны мақтан етеді деген сенім болу керек.
Оқушының білім алуына оң әсер ететін факторлар қатарына әлеуметтік және физикалық факторлар жатады. Ең алдымен оқушының денсаулығы жақсы болу керек, үш мезгіл тамағын ішіп жүру және ұйқысы қанық болса білім алуына еш кедергі болмайды. Ал сырқаттанып, ауырып, шаршап жүрсе, сабаққа деген ынтасы, сабаққа мбасүлде араласқысы келмейді.
Оқушыға отбасылық жағдай да әсер етеді мысалы отбасында оны шеттесе, мүлдем көңіл бөлмесе оқушының оқуға деген құлшынысы болмайды, бір жағынан өзін жалғыз сезінеді. Ал егерде ата-атанасы баласын үнемі қолдап-қолпаштап, көмегін көрсетіп, үнемі баласын мақтан етсе ол оқушының білім алуына ынтасы көбірек болады.
...