Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Темір жол көлігінің саясаты; мәні, мақсаты, әсер етуші факторлар

Автор:   •  Ноябрь 21, 2022  •  Лекция  •  1,614 Слов (7 Страниц)  •  213 Просмотры

Страница 1 из 7

Темір жол көлігінің тарифтік саясаты баға құралуының теориялық негіздеріне негізделеді, Баға құралуының микроэкономикалық теориясының академиялық ілімі шынайы тұрғыдан алғанда кәсіпорындар қызмет ететін іс жүзіндегі жағдайының барлық факторларын көрсете алмайтын немесе практикада орындалуы қиын алғышарттардан, ережелер мен үлгілерден тұрады. Соның салдарынан осы білімдерге сүйене отырып кәсіпорындар бағаның құралуына деген өз нақты тәсілдемелерін жасайды, оны (баға құрылымын) уақыттың әр нақты кезеңінде нақты мақсаттарға

жетуге бағыттап отырады. Темір жол тарифтері: түсінігі, мәні, түрлері. Өзінің экономикалық табиғатына қарай темір жол тарифтері дегеніміз - темір жол көлігінің жүктерді, жолаушыларды, қол жүгін, жолжүгін және поштаны тасымалдаубойынша қызмет көрсетулері құндылығының ақшалай түрлері. Қызмет көрсетулердің құндылығы сұраныс факторларымен де, сондай-ақ ұсыныс

факторларымен де белгіленеді, бұл құбылыс тарифтерді белгілеген кезде де көрінеді. Темір жол тарифтерінің негізгі функциялары экономиканың өзге салаларындағы бағалардың қызметіне сәйкес келеді және темір жол кәсіпорындары шығындарының орнын толтыруға, алдағы болашақта

олардың дамуын, қаржылық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражаттарды қалыптастырудан тұрады. Тарифтер көлік саласының экономикалық тұрақтылығының деңгейін ғана белгілеп қоймай, өзге негізгі факторлармен қатар материалдық өндіріс кәсіпорындары мен салаларының экономикалық жағдайына елеулі түрде әсер етеді. Темір жол жүк тарифтерінің деңгейіне тұтыну орындарындағы, өткізу саласындағы өнімнің көлемі мен бағасы тәуелді болады, басқаша айтқанда осы тауарларды өндірушілердің, сондай-ақ барлық тұтынушылардың экономикалық жағдайы байланысты болады. Тарифтер көліктік кәсіпорын мен оның қызметін тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастарға әсер тигізеді: өздерінің тарифтерін

өзгерте отырып темір жол көлігінің кәсіпорындары қолда бар, өздерінің қызметін сатып алушыларды сақтап қалуға немесе жаңаларын тартуға құлшыныс жасайды. Көліктік (тасу) қызметін тұтынушылардың әр түрлі болуы (айырмашылығы) жүк тасымалдаулардың тұтынушылары болып

өндірістік немесе коммерциялық кәсіпорындар болғандықтан жүк тарифтерін көтерме баға ретінде сипаттайды, ал жолаушы тасымалдаулар көбінесе халықтың жеке түрде тұтынуы үшін орындалатын болғандықтан (өндірістік және қызметтік тасымалдаулардан басқа) жолаушы тарифтерін тасымалдаудың бөлшектік бағасы ретінде белгілейді. Темір жол көлігі қызмет етуінің ерекшелігі төмендегідей, темір жол даңғылын пайдаланудың тиімділігіне тек кәсіпорын абсолюттік мағынада да, сондай-ақ нарыққа қатысты неғұрлым ірі болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Бұл жерде өндіріс ауқымының өсуімен негізделген үнемділік айқын байқалады, сонымен қатар бәсекелестік қиынға түседі немесе мүлде мүмкін болмайды, бұл жағдай темір жол даңғылдық

желісінің операторын табиғи монополияның субъектісі ретінде

сипаттайды және оның негізгі қызметін экономиканың реттелетін

секторына

жатқызады. Бұл

жағдайда үкімет

монополиялық

қиянатшылықтың жасалуына жол бермеу үшін осындай кәсіпорындардың

іс-әрекеттерін реттеу құқығына ие болады. Саланы реформалау мен

бәсекелес және монополиялық секторларды бөлу нәтижесінде темір жол

көлігінің кәсіпорындары көрсететін қызметінің бағалары еркін болып,

кәсіпорындардың өздері оларды нарықтық жағдаяттың есебінен белгілеп

немесе нарықтың типіне байланысты оны мемлекет реттеуі мүмкін.

Реттелетін тарифтердің ішінен шекті тарифтерді

...

Скачать:   txt (29.3 Kb)   pdf (64.9 Kb)   docx (18.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club