Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұғалім-мәртебелі мамандық

Автор:   •  Октябрь 21, 2022  •  Реферат  •  871 Слов (4 Страниц)  •  158 Просмотры

Страница 1 из 4

Мұғалім-мәртебелі мамандық

 

Менің педагогикалық философиям «қарапайымнан жоғарыға» яғни қарапайым тәрбиелей отырып жоғары білім шыңына жетелеу, бағындыру.

Әрине қиялдағының бәрін жеткізу мүмкін болғанымен орындау уақытты қажет ететіні болмаса…

Мен де өзім алғашқы еңбек жолымды, саналы тұлға ретінде өмір баспалдағына қарыштай қадам басып, еңбек майданына кіріскен екенмін. Бүгінде, мен №194 негізгі орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Мұғалім мамандығын тандап тер төгіп, еңбек еткеніме міне, бірнеше жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр бүлдіршіннің бойынан жақсылық тауып, оларды биік мақсаттарға жетелеу. 

      Мұғалім алдындағы балапан үшін өз ата-анасынан кейінгі екінші жақын адам. Сондықтан да болар, мұғалім балаларды адам мәдениетінің әлеміне, яғни күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне жетелейтін тұлға. Сонымен қатар, жас сәбидің бойына балдәурен шақтан бастап, білім мен тәрбиенің негізін қатар қалыптастыра жүріп, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, шыншыл да адал, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, спорттың, техниканың даму жайын жақсы білетін, онысын оңай түсіндіре білетін маман болуы керек. Қазіргі таңда мұғалімге деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Сондықтан, мұғалім алдымен өзі тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана бір баланың ғана емес, әр баланың жүрек төрінен орын алады деп білемін.

        Мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.

Иә, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Күнделікті сабаққа тың ой, идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек. Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз болу, бала тәрбиелеу - киелі мамандық. Мен мұғалім ретінде балдырғандарды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын екені белгілі. Мұғалім - өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек. Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын. Олар ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, кешірімшіл болу, ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол – үлкен жүректі жан. Ол қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдерсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білімді мектептен бастап сауатты беру ең маңызды мәселе болып табылады.

Менің түсінгенім, нағыз мұғалімге педагогикалық байқампаздық, бақылампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдык, адалдық, карапайымдылык, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық қасиеттер кажет. Бұл сияқты адамгершілік сапаларды берген мұғалім баланың әрі қарай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлкында өшпес із қалдырады.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (77.7 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club