Мұғалім мамандық па, әлде өмірлік ұстаным ба?
Автор: Сандуғаш Аяғанова • Июнь 10, 2024 • Эссе • 353 Слов (2 Страниц) • 108 Просмотры
Эссе тақырыбы: Мұғалім мамандық па, әлде өмірлік ұстаным ба?
Өзіннің жүрек қалауыңмен таңдаған мамандығымен жұмыс істеу әрбір адамның жарқын болашаққа бастар қадамы. Мен бала кезімнен мұғалім болуды аңсадым. Бұл мамандықты таңдауыма себепші ол менің анам. Мен анамнан әрбір ұстаз бойынан табылатын төзімділік, тазалық, еңбексүйгіштік, іздену сияқты қабілеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзім оқыған мектепте өзімнің ұстаздарымен қатар мұғалімдік қызметті бастап, шәкірттерімнің бойына білім дәнің сеуіп, әрбір баланы алаламай сүйе білуді үйрендім.
«Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың жетілуіне мықты негіз салуы керек» ұлт зиялысы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздері білім берудің мақсатын анықтап берді. Менің ұстаз ретіндегі басты міндетім– баланың дамуы, мінезінің қалыптасуы, нағыз адамды тәрбиелеу. «Адамның бір қызығы – бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалімдіктің өз қызығы бар, қиындығы да аз емес, соны жеңе білген жан ғана шәкірт жүрегіне жол табады. Мен үшін оқушының сапалы білім, тәлімді тәрбие алуы маңызды. Шәкірт жетістігі – ұстаздың ерен еңбегінің нәтижесі, мұғалім мерейі. Бастысы – өз пәніңе деген білім шырағын жаға білу керек. Мұғалім мамандығы- бұл балаларға білім ғана емес жан жылуын, мейірімділік беру,бұл жақсы адамды тәрбиелеу дегенді білдіреді. Жақсы тұлға тәрбиелеуде мен не істедім? , маған қандай ресурстар қажет? деген сұрақтарды жиі қоямын. Әр баланың армандары болады. Сол армандарының орындалуына үлес қосқым келеді. Мүмкін менің шәкіртім президент, ғарышкер, биші болғысы келетін шығар, сол уақытта мен ол балаға қолдау жасаймын. Атақты адамдардың өмірбаянымен,жетістікке жетуге мүмкіндік беретін міңез – құлық қасиеттерінде таныстырамын. Мен балаларға барлық білімім мен қабілеттерімді беруге тырысамын. Шәкіртім үшін мен дос, серіктес, қамқор ана, ақылды тәлімгер болуым керек. Армандар орындалу үшін - мақсатын айқын болу керек! Мақсаттаң кейін сені қолдайтын жанашырларың болу шарт. Қолдау бермесе аяғыңа тік тұра алмайсың. Қолдаудан кейін сенімділік. Қазіргі таңда мен ұстазбын. Бұл арманымның жемісі деп білемін.Армандар әрқашан орындалады!
...