Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұғалім –мәртебелі мамандық

Автор:   •  Ноябрь 15, 2022  •  Эссе  •  878 Слов (4 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 4

Мұғалім –мәртебелі мамандық

                                                                          Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану,

                                               адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы

                                               мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық

                                               шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты

                                               жүрекпен ұға білу болып табылады.

                                                                                               (В.А.Сухомлинский)

      «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы»,–деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаз болу - бүгінгі өмір талабы. Бір өзі бір ғасырдың жүгін арқалаған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «мұғалімді - дала өлкесінің шамшырағы, мәдениеттің жарық жұлдызы, жаңа әдет, тәртіп, тазалық, өнердің үлгісі» деп санады. Бүгінгі рухани жаңғырған, дамудың жаңа мүмкіндіктеріне қадам басқан мемлекетімізде «педагогика» деген сөз де гректің «бала жетектеу» деген бастапқы тура мағынасынан алыстап, өз алдына білім, ғылым жолына айналғандығы айқын.

      «Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті маман, білім кеңістігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі. Ал ұстаз - адам қалыптастырушы үлкен мамандық иесі, қоғамдағы маңызды тұлға. Білімді, қабілетті ұрпақ мемлекеттің баға жетпес қазынасы дейтін болсақ, қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға даярлау болып табылады.

      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - ізденімпаз, жасампаз, жаңашыл ХХІ ғасыр мұғалімінің әлемдік педагогика тәжірибелерін зерттеп, ұлттық педагогика негізінде сабақты түрлендіріп, заманауи педагогикалық технологияны қолдану әдістемесін терең меңгеріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі шарт болып табылады. Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді кең қолдану да шеберлік. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білу де аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (73 Kb)   docx (271 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club