Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Соғыс – арулардың мамандық таңдауына мүмкіндік бермеді

Автор:   •  Апрель 25, 2018  •  Доклад  •  1,250 Слов (5 Страниц)  •  586 Просмотры

Страница 1 из 5

Ардагерлер ұйымына – 30 жыл

Соғыс – арулардың мамандық таңдауына мүмкіндік бермеді ...

      Осы бір адамзат баласының басына бес жылға нәубет әкелген, әлемнің тыныштығын бұзған сұм соғыстың біткеніне биыл 72 жыл толды. Соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ҰОС-на қатысқан майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлнрдің әңгімелерін таңдап отырып, олардың ерен ерліктеріне таңқалып, тәнті болдым. Олардың Отаның, өз отбасы мен бауырларын, жақындарын жаудан қорғау үшін  ерте есеюіне, балалық шақты ерте ұмытуына тура келді.Соғыстың зардабы өмірдей жас жігіттер мен қыздардың асқақ армандары мен мақсаттарына жету жолына өз таңдауларын жасауларына мүмкіндік бермеді...

    Бүгін мен фашизмге қарсы қанқұйлы сұрапыл соғыс жылдары от кешкіп, ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен, ізгілік пен бейбітшілік мұраттары үшін бағажетпес үлес қосқан қазақтың аяулы батыр қыздардың бірі – Бибінұр Тынысбекова (1924 жылы 24 қазанда Талдықорған обласы Ақсу селосында туған) туралы жазғанды жөн санадым.Ол соғыс басталғанда он алты жаста болатын... Солтүстік-Батыс, Белоруссия және Балтық майдандарына қатысып, әскери әуежайларда авиатехник қызметін атқарған. Соғыс алаңындағы қарша бораған оқты, түскен жерін ойып кететін көктен жауған бомбаны өз көзімен көрген Бибінұр апа Ұлы Жеңісті 1945 жылы Берлинде қарсы алған. «Жеңіс», «Қызыл Жұлдыз», Отан соғысының I және II дәрежелі ордерінің, соңдай-ақ басқа да оннан астам ордендердің, Бүкілодақтық соғыс ардагерлері Кеңесінің Құрметті төс белгісінің, көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері Бибінұр Тынысбекона – біздің заманымыздың хас батыры, нағыз ерлік пен батырлықтың, Отанғақалтқысыз қызмет етудің үлгісі бола отырып, өзінің жауынгерлік еңбегімен біздің бүгінгі таңда жасампаз елде өмір сүруімізге,еркін мемлекет пен демократиялық қоғам құруымызға мүмкіндік берген қайсар ұрпақтың өкілі. Өйткені ол Медеу ауданында (бұрынғы Фрунзе) соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесін құру туралы алғаш рет бастама көтеріп, қалалның барлық аудандарында «ардагерлер қозғылысының» кең ауқымда құлаш жаюына зор үлес қосқан «алғышқы» жан. Мұңдай аңыз адамдар – халықтың, келешек ұрпақтың ар – ожданы, абыройы.

  • Соғыс бастағанда көрсеткен әуежайлар туралы не айтасыз?
  • Мен ол кезде 16 жаста едім. Украинадағы Киевтен Солтүстік Кавказға,одан Алматыға келдік. Орта Азия әскери округі жанындағы авиамектепті қысқа мерзімде аяқтап, әскери әуежайларда ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін авиатехник және радист мамандығын алып шықтым. Сонан соң 1942 жылдың басында өз еркімен майданға жіберуді өтініп өтініш жаздым. Өтінішімді қарап, мені сол жылы соғысқа аттандырды. Ә дегенде Солтүстік-Батыс майданында 6 әуеармиясының құамында, сонан соң Балтық майданыңда 14 әуе армиясының құрамында, 2-ші Белорусс майданында 1-ші және 4-ші әуе армияларның құрамында авиятехник болып күн-түн демей қызмет атқардым.
  • Өзіңіз қызмет көрсеткен әуежайлар туралы не айтасыз?
  • Соғыс кезінде әскери әуежайлар орманның ішінде орналастырылатын. Ауа райының қолайлы, қолайсыздығына, күн-түн демей, әскери жасақталған әуежайдың ішінде жүреміз. Ұйқысыз түндер, ұйқыны ұмытқан кездеріміз жиі болып тұратын. Ұшақтың техникалық жағдайын тексеру, олады әуе жорығына шығарып салу, оны қарсы алу, бұзылған  тетітерін  жөндеу – біздің тікелей міндетіміз болатын.Әрбір ұшқышты шығарып салғаннан кейін, аман-есен оралуын тілейтін едік. Сол кездерде біз күтудің, алаңдаудың, қорқыныштың не екенін әбден түсіндік. Біз аттандырған әскери атқыш ұшақтар көк жүзінен барлау жасап, жаудың қоймасы ораналасқан нысандарды жоятын. Кейде сәтті, кейде сәтсіз аяқталатын әуедегі жорықтардың  әрқайсысы біздің жүрегімізде өз таңбасын қалдырдым.
  • Орман ішіндегі әуежайлардың құрылысын кімдер салушы ед?
  • Орман ішіне әуежай салу оңай шаруа емес. Жұмыс күші аз. Ер-азаматтармен қатар жүріп, ағашты да,отанды да кесіп, ауыр жұмыстардың барлығын атқаратынбыз. Әдетте орманда екі әуежай салынады. Бірі – арнайы біздің ұшқыш-әскерлер үшін, екінші – жауды адастыру мақсатында салынған әскери әуежайдың макеті. Әскери базарлар да, ұшақтар да ағаштан жасалады. Жаудың барлаушылары  біздің әскери әуежайды тез тауып алмас үшін бір жерде көп тұрақтамай, үнемі орын ауыстырып тұратынбыз.
  • Авиатехник болып қызмет атқарып жүрген кезіңізде есінізде қалған оқиға болды ма?
  • Менің есімде Белорусияның Витебск қаласына жақын маңдағы орманда болған оқиға ерекше сақталып қалған. Біздің атқыш-ұшақтар жаудың алғы шебін бомбалап қайтқан еді. Немістің «Рама» барлау ұшағы төбемізден қалқып өтті. Бізді байқап қалғаның бәріміз білдік. Енді соған қарсы той-тарыс беруге дайындала бастадық. Бір кезде көктен жауған бомбаның астында қалдық. Біздің ұшқыштар дереу әуеге көтеріліп, ендігі шайқас аспанда бастады. Ұшқыш жауынгерлеріміз олардың үш ұшағын жойып, екі ауыр ұшағын біздің әуежайға қонуға мәжбүр етті. Қолға түскен ұшқыш тұтқындардан құнды мәліметтер алдық. Сол мәлңметтердің негізінде жаудың әуежайлары орналасқан нысандарды жоюға көп мүмкіндіктер туды. Сөйтіп үлкен операциялар жасалды», - деп бір күрсініп алды.
  • Авиатехник қызметінен басқа да қосымша міндеттеріңіз болды ма?
  • Ротадағы саяси басшының көмекшісі, әуежай қызметі бөлімшесінің командирі, взвод командирі, полк комсоргі қызметтерін қосымша атқардым.
  • Жеңістің жақындап қалғаның сезген боларсыз?
  • Әрине. Жаудың күнен күнге әсерлеп бара жатқанын, Берлинге жақындап қалғынымызды сездік. Әр істін қайыры болды ғой.Біздің жауынгерлер фашистерді өз ордысына дейін қуып барды. Сөйтіп біз Жеңіс туын желбіретіп, Жеңісті Берлинде қарсы алдым. Соғыста көрсеткен ергілім үшін «Қызыл Жұлдыз», «Жеңіс», Отан соғысы I және  II-ші дәрежелі ордендерімен марапатталдым. 1945 жылы шілде айында елге оралдым.Жеңіс оңай жолмен келген жоқ. 50 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған соғыста жеңіске жетуде біздің халықтың рөлі ерекше болды. Кебенек киіп 2 миллионға жуық боздақтың 400 мыңы кебінге оралды ғой...
  • Алматыға оралғаннан кейінгі еңбек жолыңыз жөнінде не айтасыз?
  • Соғыста екі рет жарақаттандым, екі аяғымды үсітіп алдым, сөйтіп II-ші топтағы мүгедек болып Алматыға оралдым. Бәрі де соғыстың зардабы ғой. Енді біздің алдымызда «бәрін де қайта қалпына келтіру керек» деген ұғым тұрды. Екі рет ауыр жарақат алғаным болмаса, аяқ-қолым сау. Мен экономист мамандағын алып шықтым. Оқуды бітіргеннен кеін Қазақ ССР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Х/Ш министрлігінде, Қазақ ССР мемлекеттік баға комитетінде жұмыс істедім. Бүгінгі күні ойлап отырсам, 1945 жылдан 1980 жылға дейін отыз жылға жуық жауапты қызметтер атқарған екенмін.
  • Ардагерлер Кеңесін құруда біраз қиындықтар болған шығар?
  • 1986 жылы Орталық Комитеттің елімізде соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесін құру туралы Қаулысы шықты. Ао 1987 жылы Алматы қалалықсоғыс және еңбек ардагерлері Кеңсін құру бойынша алғашқы Құрылтай конференциясын өткіздік. Конференцияда мені қалалық ардагерлер Кеңесінің Президиум мүшесі және жауапты хатшысы етіп сайлады. Осы жауапты қызметті 1994 жылға дейін атқардым. 1987 жылы алғаш рет ҰОС-на қатысқан мүгедектердің, тыл еңбеккерлерінің, соғыста қайтыс болған  жауынгерлердің жесірлерінің, концлагерь тұтқындарының, басқа да ардагерлердің, жауынгерлердің жалпы есебін жүргіздік. Ол кезде барлық ардагерлерге ортақ тек қана «зейнеткер» деген санат бар болатын. Әуелі ұйымдарды, өндіріс, өнеркәсіп орындарын, мекемелерді, мекен-жайлар бойынша үй-үйді аралап түгендік.

          Алматы қаласында 1989 жылы 171 мыңға жуық соғыс және еңбек ардагерлерін біріктірген 686 алғашқы ардагерлер ұйымы болады. Ардагерлерді үймен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп шешімін тапты. Олардың тұрмыстық жағдайын тексеру барысында Қалалық халық депутаттары Кеңесі «Забота» бағдарласын бекітті. Осы бағдарламанның аясында қалада әлеуметтік көмектің 11 бөлімшесі, соғыс мүгедектері үшін госпиталь және «Ардагер» пансионат-үйі ашылды. 2001 жылы Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің тапсырмасымен «Роза» ЖПИК-і жанынан Медеу ауданында құрамында 300-ге жуық әртүрлі санаттағы ардагерлер мен зейнеткерлерден тұратын алғашқы ардагерлер ұйымын құрдым. Көмеке өте зәру, өздігінен жүре алмайтын, төсекке таңылған ардагерлерді азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырдым.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (97.8 Kb)   docx (15.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club