Мұғалім болғым келеді
Автор: zhadyra0686 • Октябрь 17, 2018 • Реферат • 1,410 Слов (6 Страниц) • 1,811 Просмотры
Мұғалім болғым келеді
Өміріңнің шығатұғын төрі қып,
Жүру керек бір мақсатқа беріліп.
Арман шіркін жетелейді адамды,
Бірде жақын, бірде алыстан көрініп.
А.Нәріков
Қазақта « Армансыз адам – ормансыз бұлбұл » деген асыл сөз бар. Айтқали
Нәріковтың өлең жолдары да осыған дәлел болса керек. Шыр етіп дүниеге
келген сәттен бастап, әр пенде өмірдегі өзін іздей бастайды. Ес жиып, оң-
солыңды танитын шақта « Кім болам ? », « Қандай мақсат қоямын ? » дейтін
сұрақтардың жауабын іздейтін кез келері де жасырын емес. Мен алғаш
мектеп табалдырығын аттаған күннен болашағымды мұғалімдікпен
байланыстырғым келетінін сөзсіз ұқтым. Алғашында балапанның бала
арманы болып көрінген сағым дүние бүгінде ғұмырлық мақсатыма айналып
отыр.
Бірдеңе деу үшін – бірдеңе білу керек заманда өз басым өнегенің,
көрегендіктің, ізгі қасиеттердің үлгісін мұғалімдерден тапқан болатынмын.
Бұл менің асқақ арманыма бастар жолдың іргетасын қалап берген ой-түйінім
еді. Қиыны мен қызығы қатар жүретін бұл мамандықта қажымас қайраттың,
сарқылмас сабырдың қаншалықты қажет екенін түсінуге де уақыт керек
болды маған. Мұғалімдікке бет алғанда, бойымдағы адамгершілік, түсіністік,
жауапкершілік пен мейірімділік қасиеттерімді дамытып, асығыс шешім
қабылдау, сабырсыздық сияқты дүниелерден барынша арылуға тырыстым.
Ұстаздардың қабаққа, ерінге емес, көзге тура қарап сөйлейтін ашық жүзді,
тура сөзді болатындығы, сырыңды айтсаң сыртқа шашып,
шашылмайтындығы ерекше баурап алатын. Еліктеу деген – жан иесінің
ішінде адамзаттың бойына тән табиғи құбылыс қой. Еліктеген жақсы,
желікпеген дұрыс дей жүріп, мен де айтып жүріп айтқыза білетін, сыйлап
сыйлата білетін мұғалімдердің қатарынан болу керекпін деп адами тұрғыда
мақсат қойдым. Мектебімнің төменгі сыныптарына сабақ беріп, өзімді сынап
та көрдім. « Апай» деп оқушылардың көзі оттай жанып тұрса, жүректі жібітіп
жіберетін үміт пен үлкен жауапкершілікті қатар сезінеді екенсің. Мұндай
мамандықты таңдағаннан кейін психолог та, профессор да өзің, актер де,
әнші де өзің, дос та, тума да өзің екенін қабылдаудың, түрлі образдарды
сомдап жүріп, түбінде ұстаз екеніңді ұмытпайтындай ұстанымдармен өмір
сүрудің өзі оңай емес сияқты.
« Ұстаздық жолда сөз құрау үшін де, бөз құрау үшін де құрағың шырайлы,
ой-оюың шұрайлы, бояуың қанық, айтарың анық болсын. Кілемнің түріндей
сырмағың, сөздің піріндей жинағың көңілге шаттық, көзге оттық сыйласын »
дейтін Ғалия Қайдауылқызының осы бір ауыз сөзі бұл мамандықтың
талаптары қандай жоғары екенін әсем де әсерлі жеткізіп тұрғандай.
...