Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңін талдау

Автор:   •  Май 10, 2021  •  Реферат  •  359 Слов (2 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 2

Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңін талдау

Тақырыбы

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Идеясы

Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Небір бастан өткен қасіреттерді биікке көтеріп,қазақ деген халқын мақтай отырып, ұлттық рухты,патриотизмді оятуды идея етіп,ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы жазылған. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Қаншама қиындықты бастан кешірген қазақ деген елді, дархан даламызды Алаштың айбынды азаматтары көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың жарқын болашағына жол салып бергені туралы ой қозғап жан тебіренеді.

Жанр түрі

Лирика

Мақсаты

Ақын өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап,

халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке,патриотизмге  тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде

туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық,

еңбексүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылыққа шақырған.

Шумақ

11

Тармақ

46

Бунақ

2

Бір жерде//тұрлау таппаған...

Буын саны

8

Қай –жер-ге күм-без соқ-па-ған?!

Ұйқас түрі

Қара өлең ұйқасы

Бір жерде тұрлау таппаған,       А

Қосылмай малы қаптаған,         А

Бөлініп қонған қазақты              Б

Кімдер де кімдер шаппаған?     А

Әдеби теориялық ұғымдар

а ) теңеу – даладай

б) антоним – бардың - жоқтың

в) метафора – алтын бесікке

Түсіндірме сөздік

Өлең тілі жеңіл, біржақты,түсінуге қиындық тудыратын сөздер жоқ, жалпыға ортақ тілмен жазылған.

Өлеңнің түйіні

Бәрі де таныс жайт маған,

Әділет болмас айтпаған.

Ақыры алтын бесікке

Сабылып қайдан қайтпаған?!

...Сағынып қайдан қайтпаған?!

Түйін

  Өз еліңе деген махаббат пен оның алдындағы адалдықты тек көрсетіп қоймай, оны өзара насихаттауымыз керектігін автор түсіндіре алды.

Қазақ жұрты ерте кездерден-ақ өз ұлдарының ержүрек, батыр болып өсуіне, жүрегінде туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктің мол жатуына көп көңіл бөлген және осы бағытта тәрбиелей де білген. Оның басты үлгісін сөз маржандарынан құралған мәнді де мағыналы өлең жолдарынан көрдік. Менің ойымша, нағыз отанына деген патриот, «адам деген атты құр алып жүрмей, шың   мәнісінде адам» атануға тиісті. Яғни олардың отанға деген сонымен қоса, отанмен бірге өзінің тағдырына да салғырттығы. Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлағандай үш бақыттың тіпті болмаса біреуін болсың қадірлесе, қазақ азаматы ретіндегі жүрегінде отанына деген патриоттық сезімі болса, онда ата-баба рухы бізге мәңгіге ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Олардың көз жасы мен қанының зая төгілмегендігінің белгісі деп білемін.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (64.9 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club