Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану
Автор: Акбота Кайрат • Сентябрь 15, 2021 • Реферат • 1,134 Слов (5 Страниц) • 2,033 Просмотры
Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану
Әр түрлі тіл кемістіктерін түзету кезінде қолданылатын бірден-бір емдік логопедиялық массаждың бірі Е.В.Новикованың әдісі бойынша зондпен массаж жасау болып табылады.
Е.В.Новикова тілге, ерінге, бетке, жақ сүйектеріне, жұмсақ таңдайға арналған ерекше массаж түрлерін және зондтар жинағын жарыққа шығарған. Осы зондтар көмегімен бұлшықеттерді қозғалту, оларға қысым түсіру, ығыстыру, үйкеу сияқты әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл әдіс өзінің құндылығының арқасында куәлік қағазына ие болды және комплиментарлы медицинаның халықаралық тізіліміне енгізілді.
Бұл әдіс өте қарапайым және тиімді болып табылады. Ол мақсатқа сәйкестендіре ықпал етіп, артикуляциялық мүшенің жарамсыздығын қарқындата және қалпына келтіре отырып мүмкіндік береді. Дыбыстаудың тұрақтылығы жылдам өтеді.
Массаж жасау үшін 12 арнайы зонд түрлері жасалынған, олардың әрқайсысы белгілі бір топқа, яғни тіл бұлшықетіне, бетке, жаққа, ерінге, жұмсақ таңдайға әсерін тигізеді.
[pic 1]
№ 1 « Шаңышқы тәріздес » зонд тілдің, жақтың, беттің, жұмсақ таңдайдың бұлшекеттеріне массаж жасауға қолданамыз. Ол лұқсу рефлексін анықтау шегіне және бұны жеңілдету үшін қажет.
Зонд бұлшықеттерді шаншу үшін арналған. Мұндай ықпал етудің нәтижесінде бұлшықеттер белсенді жиырылады.
Зондпен шаншу кезінде қысқа, жиі, жеңіл қимылдар жасалады, шаншулардың арасы бір-бірінен алшақ болмауы керек.
Қарқынды әсер алу үшін таптауды бұру арқылы жүзеге асады : яғни, алдымен зондты белгілі бір жерге қойып, 4-6 секунд аралығында қайталап оны оңға, солға, артқа бұрамыз. Айтылмыш тәсілдың тағы бір нұсқасы : зондты бұлшықетке қойып, сағат тілімен (немесе сағат тіліне қарсы) бағытта , зондты қимылдату қажет. 5 секунд бойына қысым түсіру керек. Зондты қойған орыннан қозғалтпау тиіс.
№ 2 « Сегіздік » зонды тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге массаж жасауға арналған. Бұлшықеттерге батыра басып үйкеуге арналған құрал : ол үшін ілмекті бұлшықетке қойып ( тереңдетіп батыру) 6 рет жоғары-төмен үйкей қозғалыс жасаймыз. Зондты басқан орнынан қозғалтпау керек. Содан соң зондты жылжытып, басқа аумақты да үйкейміз. Зондымыз етке батырылып, орнында айналып, бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауына септігін тигізеді.
№ 3, 4, 5. Үлкенді, ортаңғы, кішілі « Шаналар » зондтары тілдің бұлшықеттерін, жақты, бетті, ерінді, жұмсақ таңдайды әр түрлі бағытта жылжи отырып, белсендіреді.
Зондтың ұштары кез келген жағымен жұмыс істеуге икемді етіп жасалған. Егер де бір жағымен екі нүктелі жылжымалы үйкеліс жасалса, ал екінші жағынан үш нүктелі жылжымалы үйкеліс жасауға болады. Массаж жасау барысында зондтың жоғарғы бөлігімен де бұлшықеттерді басуға болады.
« Шаналар » зондымен біркелкі массаждар жасалғанымен, бірақ массаж жасайтын ауқымда қарқындылығы әр түрлі болады. Сонымен қоса, № 5 зондының (келесі бетімен) бұрылмалы және секірмелі қимылдар жасалады.
№ 6 « Балта » зонды ауқымды жерді алып және қарқынды ықпал жасай отыра, тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға пайдаланады.
Бұл зонд екі қимыл жасауға арналған : бұлшықетті қатты басу және бұлшықетпен жылжыту.
Бұлшықетті басу арқылы оның тонусының тартылғанын, қимылының белсенділік қабілетін байқаймыз. Басу дәрежесі бұлшықеттің тонусына байланысты : тонус төмен болса, сол ғұрым басу қарқынды болады. Басу қимылы жиірек, ал арақашықтығы қысқа болады. Басу қимылы 5 секунд жасалады.
Жылжыту әдісі бұлшықетке икемділік пен беріктілік беріп, бұлшықеттің ширығуын жояды.
№ 7 « Айқастырылған табан » зонды бұлшықеттерге әсерін тигізіп, тілдің жоғары көтерілуін қамтамасыз ете отырып, жақ сүйектеріне, бетке, ерінге, ортаңғы және тілдің тамырларына массаж жасауда қолданамыз. Бұлшықеттің белгілі жерлеріне ғана жаттығу жасау керек : тілдің үстін басып және кері ығыстыру және мәжбүрлеп тілді жиыру.
...