Психология мамандығына кіріспе
Автор: zzhuldyz03 • Март 25, 2021 • Реферат • 657 Слов (3 Страниц) • 753 Просмотры
Жақсы психолог -кеңесші болуым үшін не істеуім керек
Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дап-дайын тұрған курсы.
Константин Ушинский
Психолог- адам жанын емдеуші, түсінуші, керек кезде қол ұшын беретін ең бір мықты мамандардың бірі деп есептеймін. Иә, барімізге белгілі болып отырғандай, психология саласы ең жас мамандықтардың қатарына кереді, бірақ қазіргі таңда өте жоғарғы қарқынмен қарыштап, дамып келе жатқан сала болғандықтан көпшіліктің назарынан тыс қалмай жастар арасында да жоғарғы буын арасында да өте көп қызығушылықтар тудыруда. Менің осы психология мамандығын таңдаған себебім, мұнда бір тылсым күш жатқандығын сезінгенімде болды. Жоғарыда атап өткенімдей, мен осы орайды пайдалана отырып жақсы психолог және өте керемет білікті маман болу үшін қандай қасиеттерді, қандай біліктілікті шыңдауымз керек деген сауалды алға тарта отырып, өз ойымды бөліскенді мақұлдап отырмын.
Менің ойымша, психолог мамандығына түскен адамдардың бәрі бірдей мықты психолог бола бермейді, олай деп ой түйгенімнің себебін мынадай дәйектер арқылы алға тартпақпын. Біріншіден, психолог маман болу үшін адамның ішкі жанын түсініп, ішкі әлеміне сапар шегу қажет. Ал қазіргі таңда әр адам бір мамандықты тек жеке басының мүддесін қанағаттандыру үшін ғана оқып, кей кезде сол оқуды не үшін оқып жатқанын да түсінбейтін жайттар болады, ал психология саласы ондай өрескел қателікті кешірмейді. Екіншіден, нағыз психолог маман болу үшін тек сол бағытты ғана оқып шектелмей, оның қыр-сырын біліп, практика жағынан да өзін жетілдіруі қажет деп есептеймін. Иә, әр сала өзіндік бір сипатқа ие болып көз тартады, ал сол саланың білгірі болу үшін көптеп еңбек етуіміз шарт.
Мен жоғарыда атап өткендей нағыз психолог маман болу үшін қандай қасиеттер болуы шарт деген әңгімені өрбіткім келіп отыр. Менің ойымша, ең алдымен бұл саланы таңдамас бұрын тек өзіңді емес өзгені де ойлауың қажет деп білемін.Ал кейіннен бұл саланың жілігін шағып, майын ішкің келсе адамдармен жұмыс жасауды жетік білуің қажет. Мен көпке ұзамай өзімнің алға қойған, ойыма түйген, санамды еріттеген қырлармен бөліспекке отырмын. Мен жақсы психолог болуым үшін тек ұстаздар беретін біліммен ғана шектеліп қоймай, өз бетімше көптеген кітаптар, журналдар, газеттер оқып ғылыми сауатымды жетілдіруім қажет. Бұл аталған жайттардан басқа, тек білгенімді теория жүзінде ғана дәлелдеп тоқтамай, қанатын кеңге жайған қыран құстай болып самғап, практика жүзінде де жақсы маман болатынымды дәлелдеуім қажет деп есептеймін. Егер маған қандай да бір тұлға келіп өзінің жағдайын айтып, баяндап тұрар болса , ал мен тек теория жүзінде ғана білімім шектеулі болса, онда менің жәй ғана бір адам екенімді дәлелдейді, ал сол уақыттарда мен өзім шыңдалсам, көмек сұрап келген адамның жағдайын түсініп, оған қолдау көрсетер болсам менің жақсы психолог болғанымның айғағы болар еді.
...