Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білімге ата-аналардын тиiмдi катынасын калыптастыру

Автор:   •  Апрель 1, 2025  •  Лекция  •  2,764 Слов (12 Страниц)  •  90 Просмотры

Страница 1 из 12

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМГЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізуде оқушылардың ата-аналарының ерекше орны мен рөлі,олардың педагогикалық инновация ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инлюзивті білім беруге қатынастары мәселесі қарастырылған.Қазіргі таңда отандық жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамытуға қажетті жағдайлар жасалғанымен, жаппай педагогикалық тәжірибеде оның әлі де әлсіз дамып отырғандығы атап көрсетілген. Мұның себептерінің бірі – ата-аналардың инклюзивті білім беруге деген көзқарастары мен қатынастары екендігі эмпирикалық деректер арқылы негізделген. Ата-аналардың белгілі бөлігінің инклюзивті білімге деген теріс немесе немқұрайлық қатынастары мектеп ұжымы мен педагогтардың инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізудегі ұмтылыстарының нәтижелі болуына кедергі болып отырғандығы атап көрсетілген. Инклюзивті білім беру мен отбасының мектеппен ынтымақтастық мәселесіне қатысты шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектеріне алдау жасалған.Инклюзивті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектеп ата- аналарының инклюзивті білімге көзқарасы мен қатынасы анықталып, талданған. Зерттеу нәтиже- лерін талдау барысында қазіргі таңдағы отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне ықпал етуші фактор- лар анықталды. Инклюзивті білім беруге ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыру және инклюзивті білімді шынайы қолдауына қол жеткізудің педагогикалық шарттары айқындалда. Инклюзивті білім берудің мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ғана емес, ойдағыдай қалыпты дамудағы оқушыларға, олар арқылы ата-аналарға берер пайдасы айқындалған. Ата-аналардың инклюзивті білімге деген тиімді қатынастарын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары кешенді айқындалған және сипатталған.

Түйінсөздер:инклюзивті білім беру,мектеппен отбасы,ата-ана,ынтымақтастық,ата-ана рөлі, бала тәрбиесі,инклюзивті білімге тиімді қатынас.

Кіріспе.Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жүйесінде отбасы мен мектеп арасындағы ынты- мақтастық өте маңызды және өзекті бола түсуде. Отбасы бала үшін ең жақын әлеуметтік орта, ол оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Ал,инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда бұл ынтымақтастықтың орны ерекше.Бүгінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда мектеппен отбасы ынтымақтастығының тиісті деңгейде жүзеге аспауы,балаға білім мен тәрбие беруде,әлеу- меттенуіне,коммуникативтік қарым-қатынас құруда,өзін-өзі дамыту қабілеттерін ашуда мұғалім мен ата-аналардың бірлесе отырып, осы мақсатта толыққанды жұмыс жасамауы нәтижесінде, сонымен қатар мектеппен отбасы арасындағы байланыста екіжақты жауапкершіліктің асажоғары болмауы,елімізде инклюзивті білім беру үрдісінің даму деңгейінің төмен болуына себебін тигізуде. Осы мәселені шешуде мектептегі инклюзивті білім беруге ата-аналардың тиімді қатынасын қалыптастыру арқылы мектеппен отбасының нәтижелі ынтымақтастығын ұйымдастыру - инклюзивті білім беруді дамытудың бірден-бір шешімі болар еді.

L.B.Schneider атап өткендей,отбасы бала тәрбиесінде оң және теріс факторлы әсер етуі мүмкін. Балаға өз отбасындағы жақындарынан артық қамқорлықты ешкім бере алмайды, олардан асқан жанашырлық танытпайды.Және бұл баланың жеке басына оң нәтиже береді.Сонымен бірге отбасы бала тәрбиесіне қалай оң әсер ете алса, дәл солай теріс әсер беруі де әбден мүмкін [1]. Бұл тұста автордың айтуынша отбасы тәрбиесінде отбасылық қарым-қатынас пен сыйластықтың жағымды үлгісінің қалыптасуы баланың дамуына оң әсерін тигізеді.

A.Adler ұсынған «Адлер моделі»т ұжырымдамасына тоқталар болсақ–ол мақсатты бағытталған және ата-аналардың мінез-құлқын саналы түрде өзгертуді негіздейді. Олардың мінез-құлық, әрекеттері

...

Доступно только на Essays.club