Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру

Автор:   •  Март 21, 2023  •  Доклад  •  842 Слов (4 Страниц)  •  186 Просмотры

Страница 1 из 4

Ақтөбе қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сержанова Шынар Бекетовна

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

Бүгінгі таңда білім беру ісінің өзекті мәселесіне айналған – инклюзивті білім беру. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда көптеген шешілмеген проблемалардың барын жоққа шығара алмаймыз.

Инклюзивті білім беру – барлық кемсітуішілік формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алудағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі. Балалардың физикалық, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін білім берудің түрі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы. 7-қосымшасы, 3-тарау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің тәртібінде  ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік-педагогикалық жіктелімі төмендегідей:

  1. Есту қабілетінің зақымдалуы: нашар еститін, естімейтін және кохлеарлы импланты бар бала.
  2. Көру қабілетінің зақымдалуы: нашар көретін, көрмейтін бала.
  3. Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылысы: жеке күтімді талап етпей өз бетінше жүріп-тұратындар; арнайы жүріп-тұру құралдарының және (немесе) техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдардың көмегімен жүріп-тұратындар; бірге еріп жүретін тұлғаның көмегін талап етіп өз бетінше жүріп-тұрмайтындар.
  4. Зерде зақымдалуы: жеңіл, орташа, ауыр және терең зерде зақымдалуы (жеңіл, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі диагноздарына сәйкес келеді).
  5. Психикалық дамудың тежелуі.
  6. Сөйлеу тілінің дамымау түрі, формасы және деңгейі көрсетілген сөйлеу тілінің бұзылысы: фонетикалық-фонематикалық, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, тұтығу, ринолалия, дизартрия, дисграфия, дислексия және т.б.
  7. Мінез-құлықтың бұзылыстары немесе қиындықтары (гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы диагнозына және басқа мінез-құлық бұзылыстарына сәйкес келеді, соның ішінде әлеуметтік-психологиялық факторларға байланысты).
  8. Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары (аутизм және аутисттік спектрдің бұзылуы диагноздарына сәйкес келеді).

Инклюзивті білім берудің негізінде – балалрға қатысты кез келген кемсітушілікті болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға ерекше жағдай тудыратын идеология жатыр.

Қазіргі таңда елімізде ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін мемлекеттік деңгейде қажетті жағдайларды реттейтін белгілі бір нормативтік-құқықтық база жасақталған. Соған сәйкес қалыпты және дамыған балаларды бірлесіп оқытатын мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында кедергісіз орта, материалдық-техникалық жабдықтау, түзету және қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылуда.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі дәстүрлі білім беру жүйесімен қатар дамығандықтан, екі білім беру моделін жасауда проблемалар мен белгілі бір қауіптер туындауда.

Қазіргі таңда әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін арнайы мекемелердегі мамандардың жұмыс орынының қысқартылуы байқалады. Ал жалпы білім беру ұйымдарына біртіндеп енгізілген ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуына дайын емес екендігін жиі көруге болады.

Қолданыстағы арнайы мекемелердің желісін қолдау және жетілдіру қажет. Мұндай мекемелер білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне әдістемелік, балалр мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсететін оқу-әдістемелік орталықтардың фунцияларын орындай алады.

...

Скачать:   txt (13.1 Kb)   pdf (117.3 Kb)   docx (199.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club