Қала архитектурасының тұрғындардың құндылықтарына әсері
Автор: САЛТАНАТ ШӘРІ • Декабрь 12, 2021 • Доклад • 660 Слов (3 Страниц) • 250 Просмотры
Қала архитектурасының тұрғындардың құндылықтарына әсері
Архитектура - бұл адамдардың мақсатын, қажеттіліктерін қанағаттандыратын құрылыс және адамдарды әрдайым қоршап тұратын таңғажайып ғимараттар. Архитектура адам өмірінің ажырамас бөлігі және адам өмірінде ерекше орын алады. Қазіргі таңда бірде-бір заманауи қоғам архитектуралық ғимараттарсыз өмір сүре алмайды. Архитектура адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды және жайлы өмір сүруге жағдай жасайды. Архитектура әрдайым адамдарға әсер етеді, адамдардың дүниетанымын, оның рухани құндылығы мен мәдениеттін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Архитектура бізге өзінің дизайнымен, формасымен, түсімен де әсер етеді. Сондықтан да, қазіргі таңда қалалардағы архитектура ұтымды, әрі әдемі болуы қажет деп ойлаймын.
Қазіргі кезде әр қала өзінің ерекше, қайталанбас архитектуралық ғимараттарымен ерекшеленеді. Соған сай сол қалада тұратын тұрғындардың да өзіне тән құндылықтары мен мәдениеті болады. Қоғамның дамуы үшін сол қалада тұратын тұрғындарға шабыт беретін, құндылықтарының одан әрі дамуына әсер ететін архитектура қажет. Архитектуралық ғимараттар не құрлым биік болған сайын, сонда мекен ететін тұрғындардың да шабыты мен қызығушылығы арта түседі. “Бүгінде Жапония және Гонконг архитекторлары «Аспан – қаласы» деген жобалар жасауда, олардың айтуынша, мұндай қаланың жерден биіктігі 1 км. болмақ, онда миллион адам тұрып, қызмет жасауы жобаланып отыр. Ғажап идея” [1, 2бет] Ия, дәл осындай архитектуралар қала тұрғындарына әсері өте зор. Себебі, біз айналамыздағы ғажайып архитектуралық ғимараттарға қарап шабыт алып, болашаққа, келешекке ұмтылып әрқашан жоғарыға қарай ұмтыламыз. Қаладағы биік-биік соғылған көздің жауын алатын, таңғажайып ғимараттар сол қалада тұратын тұрғындардың өмір сүруге, жұмыс істеуге деген құлшыныстарын арттырады. Адам неғұрлым биік пен алысты көрген сайын оның ой-өрісі одан әрі дамып, жоғарылайды. Қаладағы биік-биік ғимараттар тұрғындардың мотивациясын арттырады. Егерде бізде ондай архитектуралық ғимараттар жоқ болса, бәрі бір қилы 3-4 қабатты ғимараттар болса, қала келбеті сұрғұлт реңге айналғандай, онда тұрған тұрғындардың да бойында шабыт пен келешекке ұмтылу жоқ болатын еді. Бұндай ғимараттар көбінше қалаларда емес, қала типтес аудандарда көптеп кездеседі. Дәл осындай тұрғын үйлердің біртекті болуы адамдардың көңіл-күйін түсіреді. Психолоктардың айтуы бойынша, бірқилы сұр типтегі ғимараттар адамдардың эмоционалды-психикалық жағдайына кері әсерін тигізеді деген тұжырым жасаған екен. Сол себептен де тұрғындардың өмір сүруге деген құлшынысы төмен болып келеді.
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы күні кеше ғана ағылшындар отаршылдығынан азат болған малай халқы, әлемді таңдандырған жетістікке жетті, олар бәсекеге қабілетті елдердің ішінде 20 орында екен. Кешегі өзіміздей, тіптен бізден де ахуалы төмен малай халқының бүгінгі тұрмысы шынында да таңқаларлық. Осы малай халқының тарихи жеңіске жетуінің сыры - биіктікке құмар болып келуі екен. Биіктікке құмар малай халқының 420 метрлік Петронас Егіз-мұнарасы бар. Және осы мұнараға шығып, жан-жақты тамашалағанда ғана бұл халық арманшыл екеннін және биіктікке құмар екенін, оны символдарға айналдыра білетіндігін байқауға болады. Алғашқыда Петронас Егіз-мұнарасының биіктігі 378,4 м. болған. Бұл Чикагодағы Сиз Тауэр ғимаратының биіктігінен кем болғандықтан, биіктікке құмар малайлықтар осы екі мұнараның үстіне 73,5 м. болаттан шпильдер орнатқан, сөйтіп, Петронас Егіз-мұнаралардың жалпы биіктігі 1994 жылы 451,9 м. болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Ол халықтың психологиясына, санасына, дүниетанымына, көзқарасына үміт беріп, үміт идеяға, ол шындыққа айналған екен [1, 2бет]. Биіктікке құмар болуының арқасында малайлықтар өзінің халқына, тұрғындарына шабыт беріп, құлшыныстарын арттыру арқылы қазіргі таңда дамыған елдер қатарында екен. Міне, сол үшін біздің өмірімізде архитектуранын алатын орны ерекше. Біздің қоғамымыздың, яғни қаламыздың дамуы үшін биік-биік, зәулім ғимараттар болуы қажет. Шабытты, құлшынысты, көтеріңкі көңіл-күйді біз осы әдемі, биік архитектуралық ғимарттардан аламыз.
...