ХХ ғ.басындағы ислам діні құндылықтарының қоғамдық санадағы рөлі
Автор: bekzat.zhuman • Сентябрь 20, 2022 • Доклад • 622 Слов (3 Страниц) • 206 Просмотры
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
Философия және психология факультеті
«Дінтану» мамандығы бітіруші курс студенті
Б.Б.Жұманның «ХХ ғ.басындағы ислам діні құндылықтарының қоғамдық санадағы рөлі» тақырыбындағы дипломдық жұмысына
Пікір
Ғылыми жұмыста қарастырылып отырған мәселе Қазақстан Республикасының егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік қалыптасуы және дамуы уақыт талабына сай тақырып өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Осы уақыт ішінде еліміз өркениетті мемлекеттер қатарына қосылу мақсатында көптеген күрделі де жаңашыл бағыттағы бағдарларды, бағдарламаларды қолға алып, жүзеге асырып келе жатқан жағдай бар. Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға ислам діні құндылықтарының қоғамдық санадағы рөлі тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен әлеуметтік қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ ақындары-жазушыларының, қазақ зиялыларының ислам діні құндылықтар жөніндегі ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, қазақ зиялылары өз еңбектерінде осындай мәселелерді көтеріп отырды. Бұл өз кезегінде қарастырылып отырған мәселенің өзіндік логикалық бірізділігін нақтылай түскендей.
Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс жасау кезіндегі дербестік деңгейін келесідей тұрғыдан бағдарлауға болады. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі екендігі даусыз. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Осы және басқа да жағдайлар тақырыптың маңыздылығын айқындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекетшілдік сананы қалыптасу жағдайына және діни мәдениетке кешенді ғылыми талдау жасау Қазақ қоғамы үшін басты басым бағдарларының бірі болып табылады және тақырыптың уақылы әрі зерттеу пәнінің өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу барысында тақырыпқа сәйкес мақсат пен міндеттер анықталды. Сонымен қатар зерттеудің методологиялық негізін қазақ қоғамының даму заңдылықтары мен өркениеттік, салыстырмалық, талдау, жинақтау, қорыту, жүйелілік әдістері құрады. Қазақ халқының ақындарының шығармалары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерінің мәліметтері сыни тұрғыдан талданып, өзара салыстырылды.
Автордың дипломдық жұмысының теориялық қана емес, сонымен қатар тәжірибелік маңызы да бар. Жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылған, берілген талаптарға жауап береді және дербес ғылыми зерттеу болып табылады. Автор дипломдық жұмысында ғылыми әдебиеттердің, кезеңдік басылымдардың материалдарын жеткілікті көлемде қолдануы, бұл тақырыпты ашуға мүмкіндік берген.
...