Жұмысты ауызша таныстыру ережелері
Автор: aizatorazhan04 • Март 2, 2023 • Реферат • 732 Слов (3 Страниц) • 269 Просмотры
3.12 Жұмысты ауызша таныстыру ережелері
Академиялық ортада зерттеу жұмысын жазу кезінде де, оны ауызша таныстыру кезінде де мәтін мазмұны көпше түрде, бірінші жақтан (біз деп) беріледі. Сонымен зерттеу жүргіздіңіз, мәліметтер жинадыңыз, оларды талдадыңыз, қорытынды мәтінді жазып шықтыңыз. Енді оны аудитория алдында ьқорғауыңыз керек.
Аудитория алдында жоба қорғаудың бекітілген ережесі жоқ, дегенмен көпшілік алдында сөйлеудің белгілі бір элементтері сақталуы тиіс. Бірінші элемент - аудиториямен алғашқы байланысты орнату. Бұған тоқталмаймыз, себебі кепшілік алдында сөз сейлеу бойынша оқу- әдістемелік құралдар жеткілікті, олармен өз бетіңізше танысып алуға болады.
Аудиториямен алғашқы байланыс орнатуды зерттеу мәселесімен таныстырудан бастаған дұрыс. Бұдан соң өз зерттеу бағдарламаңыздың басты көрсеткіштерін (зерттеудің мақсат, міндеттерін, зерттеудің шегін, басты болжамдарыңызды, зерттеу әдістеріңізді т.б.), яғни жұмысыңыздың кіріспе бөлімін құрайтын мәліметтермен таныстыру керек. Кейін басты тезисіңізді ұсынып, оны дәлелдеуді бастайсыз. Дәлелдеріңізді талданған мөліметтермен дәйектеуді ұмытпаңыз. Өз тұжырымдарыңыз бен ұстанымдарыңызға баға беруді естен шығармаңыз. Жалпы алғанда, ауызша сейлеу кезінде аудиторияға әсер етудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазбаша мәтініңізді айтып бересіз. Аз уақыттың ішінде жинақтаған мәліметтеріңіз бен алған нәтижелеріңізді толық жеткізу қиын екендігі белгілі. Сондықтан негізгілерін таңдап алып, ұзақ кіріспе сезсіз, бірден баяндауға кіріскен жен, әсіресе, мәліметтерді жинау әдістері мен сол мәліметтерді талдау нәтижелерін ұсыну міндетті. Сейлейтін сезіңіз аудитория үшін түсінікті, қысқа, нақты және аяқталған болуы тиіс.
Қорғау кезіндегі басты мөселөлердің бірі - регламентті сақтау, сондықтан уақытты алдын ала есептеп алып, сейлеу кезінде бақылауда ұстап отырған дұрыс. Ғылыми іс-шараның маңыздылығы артқан сайын,регламент те қатаң бақыланады.
Келесі мәселе - «алдын ала дайындалған мәтінді оқып берген дұрыс
па, өз сезімен еркін айтып берген дұрыс па?» деген сұрақ. Тәжірибелі мамандар сейлейтін сөзін толық алмаса да, жұмыстың мазмұнын ұстап тұрады. Бұл белгіленген тақырыптан ауытқымауға, сезді жүйелі беруге кәмектеседі. Жазылған сезді бас алмастан оқып бермей, аудиториямен байланысты сақтай отырып, мәтін мазмұнын айтып беруге тырысу қажет.
Бұл айтылғандарға қоса, сейлеу кезінде кернекі материалдар қолданылуы мүмкін, себебі адамдардың кебі мәтінді тыңцағаннан гөрі керген кезде жақсы қабылдайды, түсінеді. Кернекілікке тақтаға немесе плакатқа жазу (сызу, сурет салу), слайдтар керсету, үлестірме материалдар тарату жатады.
Ауызша сейлеу кезінде естө ұстайтын тағы бір жағдай - сейлеу мәнеріңіз бен ым-ишаратыңызды, дене қозғалысыңызды (қол сермеу) бақылауда ұстау. Сез мәнері дегенде, ойға сейлеу кезінде қолданылатын қажетсіз «паразит» сездер келеді. Орынды-орынсыз жиі қолданылатын сездерге «мысалы, және, яғни,
...