Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Курстық жұмыстың өзектілігі

Автор:   •  Май 16, 2018  •  Реферат  •  12,873 Слов (52 Страниц)  •  3,384 Просмотры

Страница 1 из 52

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет. Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды және қазіргі уақыттың өзекті мәселесіне айналған. Денсаулық сақтау технологиясының негізі – ойын технологиясы. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:

Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сәби шымыр болсын десек – дене шынықтыру сабағында спорттық ұластырып, белсенді жаттығулар жасау қажет.

Курстық жұмыстың көкейкестілігі:

Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1)Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын технологиясының маңызын зерттеу;

2)Спорттық ойындардың балабақша өміріндегі маңызын анықтау;

3)Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі орның көрсету;

4)Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану жолдарына сипаттама беру;

5)Мектепке дейінгі балаларға дене шынықтыру сабағына ойын элементтерін пайдалану бойынша құрылған бағдарлама жоспары мен мен сабақ жоспарларын құру.

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі:

1)Жинақтау;

2)Зерттеу;

3)Бақылау.

Жұмыстың әдістемелік жаңалығы:

Курстық жұмыс оқулық, мерзімдік баспа және аймақта арнайы зерттеу жүргізетін ғалымдардың мәліметтері бойынша жасалған. Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндігі барлығы нақтыланды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі балаларға ойын элементтерін пайдалану бойынша құрылған бағдарлама жоспарын құрып ұсыну. Бұл бағдарламалық жобада бір жылға арналған жұмыс жоспары жазылған. Бағдарламада түрлі жаттығулар мен ойындар қарастырылған. Қарастырылған бағдарлама мен сабақ жоспарын мектепке дейінгі мекемелерде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

КІРІСПЕ

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайын халыққа жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу деген. 

Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, «Саламатты Қазақстан - 2015» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын, шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға мәлім.

Бағдарламаның басты мақсаты, мұраты халықтың денсаулығын сақтау мен демографиялық ахуалды жақсарту, сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан

...

Скачать:   txt (188.8 Kb)   pdf (186.1 Kb)   docx (79 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club