Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі
Автор: koishybaeva. • Сентябрь 20, 2021 • Реферат • 7,732 Слов (31 Страниц) • 1,616 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
Орындаған: Қойшыбаева Айгерім
Тексерген:Кулымбаева Алмагуль
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі
2.2 Ми рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы.
2.3 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері
2.4 Психика және оның ерекшеліктері[pic 3]
III Қорытынды
I Кіріспе
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.
2.1 Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек. Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми (бас миы және омыртка жұлыны). Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады. Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен – бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады.
Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді. Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400 – 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір ссүруіндегі ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта есеппен алғанда 14 – 15 миллиард нейроннан тұрады. Мы қыртысының маңдай жағы неғұрлым маңызды роль атқарады. Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп – пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өң бойында орналасқан.
...