Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үштілділік – жарқын болашақ кепілі

Автор:   •  Октябрь 3, 2020  •  Статья  •  632 Слов (3 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 3

                             Үштілділік – жарқын болашақ кепілі

         Тіл – халықтың асыл қазынасы, рухани байлығы, ұлттың тірегі. Ана тілі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын асыл қазына. Тіл – ұлттың жан дүниесі, тіл жоқ жерде ұлт та жоқ. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Тіл арқылы халқымыз өзінің мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, қоғамдық қарым-қатынасын, тарихи сабақтастығын жалғастырады. Мемлекеттік тілді білу – ұлттық парызымыз.

         Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты дамыған елдердің қатарына қосылу болғандықтан біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілін қолдап,  ағылшын тілін үйренуіміз керек. «Әлемде Қазақстан халқы  үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі  және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай  кірігу тілі» - деп елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, үш тілді меңгеру – заман талабы.  Көптілділік – кез келген қоғамда тұйықтан шығудың бағытын айқындайтын жарқын жол. «Үштұғырлы тіл» жобасы бойынша мемлекеттік тіл үш тілді меңгеруде жетекші рөл атқарады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде басқа тілдерді үйретудің, басқа тілдерде білім берудің негізі болып табылады.  Орыс тілі қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерді шешуде, жаңа заманауи көзқарастарды енгізіп, таратуда ұлтаралық қатынас тілі ретінде өз тарихи міндетін атқарып келеді.          

        Қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы халықаралық қатынас тілі ағылшын тілін меңгеруді талап етуде.  Осы мақсатта ағылшын тілі мектепте бастауыш сыныптан бастап оқытылуда. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы – жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Себебі ағылшын тілі халықаралық қатынаста әлемдік деңгейде қолданылатын тілдердің бірі. Мектепте үш тілді оқытудағы басты мақсат – оқушылардың тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту болып табылады. Бұл оқушылардың болашақта ойларын үш тілде әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруына мүмкіндік береді. Болашақ – білімділер заманы. Әрбір қазақстандық үшін орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыратын, экономикалық және мәдени мүмкіндіктерімізді арттыратын айқын жол. «Ағылшын тілін меңгеру – әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті»-деп елбасымыз атап өткендей, бүгінгі таңда ұлттық мұраларымызды және басқа ұлттардың мәдениетін құрметтейтін, үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның қажет екені белгілі. Еліміздің білімі мен біліктілігін әлемге танытып, дамыған елдермен  теңесу мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың ең маңыздысы – көптілділік.  Бүгінгі жаһандану заманында көп тілді меңгерген адамның қоғамда алатын орны ерекше. Мемлекетімізді әлемге дәріптейтін, рухымызды асқақтатып,  ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы ұстаздардың қолында.  Ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ету үшін, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (58.3 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club