Біз болашақты қазір құрамыз
Автор: sld-090 • Октябрь 3, 2018 • Эссе • 258 Слов (2 Страниц) • 868 Просмотры
Біз болашақты қазір құрамыз
Болашақ дегеніміз-алдымызға қойған мақсат, біздің ұрпағымыз.Біздің жасаған әрбір қадамымыз болашағымызға әсер етеді.
Қазір сабақ оқымысақ, үлкендердің сөзін тыңдамасақ, ұрпағымыз да сондай болады. Алдымызға қойған мақсатымызды орындамасақ, өмір бойы бастаған нәрсемізді бітірмей кете береміз. Өскеннен соң ұрпағымыз білімімізді үйретуіміз қажет. Осыдан олар не істеу керектігін, не істеуге болмайтынын түсіне алады. Ұрпағымызға өзіміз жасаған қателіктерімізді, оларды қалай дұрыстағанымызды айтуға болады. Сол кезде жақсылықтар ұрпақтан-ұрпаққа тарай береді, болашағымыз да жақсы, көңілді болады. Тағы бір маңызды зат, ол тарихымызды білу. Тарихымызды бірмесек басқа елдерде мемлекетіміз туралы айта алмай жүреміз. Ол біздің рухани төмендігімізді білдіретін болады.Сол үшін біз тарихымызды біліп, әлемді көркейтуіміз қажет. Көркейту үшін көп іс жасау керек. Барлығын жасау керек емес, біреуін жасаған үлкен әсер етеді деген ойым бар. Бірақ көбісін жасаған жақсырақ болушы еді. Елімізді де қорқау керек. Қорғамасақ еліміз бұзылуы мүмкін.
Тағы да табиғатты қорғауымыз керек. Табиғат адамдарға үлкен әсер етеді. Денсаулықты дұрыстайды. Бірақ көп адамдар ағаштарды кесіп, қоқысты тастап, ішкен заттарын да тастап табиғатты құртады. Мысалы: Алматы қаласында тауға шығып, қалаға қарай қарасаң, кір ауны көруге болады
Қазақ елі ғана емес, әлемнің барлығы дұрыс жолға түсуі жақсы болар еді. Өйткені дұрыс жол адамға әдемілік береді. Бай болмасаң да денсаулығың мықты, аяқ-қолың бар болғанына рақмет айту керек. Балаларыңа, таныстарыңа осыны айту өте маңызды. Одан кейін адамдарда түсінушілік пайда болып, осылай өмір сүріп жатқанымызға риза болады.
...